Аша Матай төсі ашық киім киемін деп, көрермендердің қатал сыңына қалды. Тележүргізуші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа образын жүктеймін деп, желі қолданушыларынан сөз естіп қалды.
Оқырмандардың дені «Мына образ сізге жас қосады екен», «Сізді жалаңаштанбайды деп үлгі тұтушы едім, әттең…», «Бір үйдің бетке ұстар келінісіз, неге ашық киінесіз» деген пікірлерін жаудырып жатыр.
Ал, әншінің бағдарламаның кешегі санында ернінің жасыл түсті далапқа бояп алған образын көріп, көрермендер тіптен таң қалды. Олар «Сізге де 91 тобына бару керек екен», «Мына образ сізге жараспайды», «Ұят» деп жазған.