91 келіде ел намысын қорғап жатқан боксшы Дамир Тойбай шаршы алаңда америкалық Дрейк Бэнкспен жұдырықтасқан. Кездесу нәбәрі ек-ақ минутқа созылған. Себебі отандасымыз қарсыласын бірінші раундтың алғашқы минуттарында-ақ сұлатып тастаған.
Төршілер бастапқыда Бэнкстің нокдаун алғанын айтса, кейін оның тіпті кездесуді одан әрі жалғастыра алмайтынын мәлімдеген.
Нәтижесінде Дамир Тойбай техникалық нокаутпне жеңіске жетті.