Вторник, 9 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Балаларға бауырсақ пен асылған ет беруге болмайтынын білесіз бе?

Денсаулық сақтау саласының маманы қазақстандықтарға шұғыл түрде аспаздық құмарлыққа деген көзқарастарын қайта қарау керектігін айтады

27.08.2018
0
Балаларға  бауырсақ пен асылған ет беруге болмайтынын білесіз бе?

Денсаулық сақтау саласының маманы және дұрыс тамақтану бойынша құрастырылған әдістерінің авторы Альмира Сейджапарова-Орлова қазақстандықтарға шұғыл түрде аспаздық құмарлыққа деген көзқарастарын қайта қарауға және «етті етпен жейміз, етті сорпамен ішеміз» қағидасына сәйкес тамақтануды доғаруға кеңес береді.

Әйтпесе, қазақтар алдағы 25-50 жылда Азия аймағындағы ең семіз ұлттың біріне айналуы мүмкін. Себебі, республикада жүрек-қан тамырлары аурулары мен қант диабетіне шалдыққандардың көрсеткіші рекордтық деңгейге жеткен.

«Мен көп саяхаттадым, бірақ барған жерлерде дәл қазақстандықтар сияқты той-думан өткізетін халық көрмеппін. Туған күн, қоныс той, компанияның жетістігі, тіпті қарапайым қонаққа барудың өзі біздің асқазамызға үлкен мереке. Менің бұл сөзіме ренжімеңіздер, бірақ қазақстандықтар үстелдерге отыра салысымен бірнеше сағат бойы тамақ жеуден шаршамайды. Оның үстіне ұсынылған тағам әдетте, жоғары калориялы болады және олар ағзаға теріс әсер етеді»,-дейді Альмира.

Мерекелік шарадағы дастарханда болсын, үйде болсын балалар да ересектермен бірге отырып бешбармақ, палау, майлы сорпа және қуырылған бауырсақ жейтіні баршамызға белгілі.
Альмираның айтуынша, үлкендер мұндай тағамдардың баланың денсаулығына қатты соққы болатынын сезбейді. Оның сөзінше, жылдам тамақтану орындарында әзірленетін гамбургерлер мен хот-дог та балалардың асқазаны үшін өте ауыр тағамдар.

«Бірнеше рет халық жиі баратын жерлерге барып зерттеу жүргіздім. Мен жылдам тағам әзірлеуге маманданған кафелерге барып кешкі экскурсия да өткіздім. Бірақ, әрдайым кеш уақытта балаларымен жүрген ата-аналарды көремін. Өйткені, бала ұйқыға екі сағат қалғанда кафеге келіп, өздігінен гамбургерге тапсырыс бере алмайды. Оларды мұндай жерлерге ата-аналары ертіп әкеліп, осындай зиянды тамақтарды алып береді. Ал, балалар ондай тағамдарды отбасылық қарым-қатынастың бөлігі ретінде қабылдайды. Кейін олар өскенде де өз балаларын дәл осы тәртіппен тамақтандыратын болады»,- дейді маман.

Оның сөзінше, артық салмақ тамақтанудың ең нашар салдары ғана емес. Адамдар дұрыс тамақтанбағандықтан денсаулығынан айырылып, мүгедек болып, әртүрлі ауруларға шалдығып көз жұмады дейді маман.

«Ежелгі уақытта жануарлар тек табиғи азықпен ғана қоректенетін. Оларға ешқандай химиялық қоспалар берілмеді және құстарға әр түрлі антибиотиктер салынған емес. Ал, көкөністер мен жемістер барлық жерде сатылса да, қазақстандықтар оларды жеткілікті мөлшерде сатып алмайды. Бізде көптеген балалар көкөністердің атын да білмейді. Ата-аналар балаларының жеміс-жидек, көкөніс жемейтінін мақтанышпен айтады. Негізінде, олар осындай пайдалы өнімдерді өздері сатып алмайды. Мысалы, жеміс-жидектер дастарханда тұрса балалар одан бас тартпайды. Егер сізге көк шөптерді, алма және қызанақ жеуді үйретпесе, ол көкөністер сіздің балаңызға ұнамайды дегенді білдірмейді. Балалар көкөніс пен жеміс-жидекті ерте уақыттан жеуді әдетке айналдырса оларға соғұрлым жақсы»,-дейді Альмира.

 

Бөлісу13Твит8
Алдыңғы лауазым

"Ол сондай жиіркенішті": Нағима Есқалиева Дильназ Ахмадиева туралы өз пікірін ашық айтты (видео)

Келесі лауазым

Әйеліме ұнамай қалды: Қазақстандық бай-манап елді шулатқан Париждегі қымбат үйін сатылымға шығарды

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.