Четверг, 30 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Данияр Елеусінов өзін маймылға теңеген ирландиялық боксшыға жауап қатты

Кәсіпқой боксшы Рэй Моллет әлеуметтік желіде қазақстандық боксшыға қатысты теріс ойын білдірген еді. Ол Даниярды маймылға теңеп, балағаттап тастаған. Оған Олимпиада чемпионы да үндемей отыра алмады

29.08.2018
0
Данияр Елеусінов өзін маймылға теңеген ирландиялық боксшыға жауап қатты

Ирландиялық боксшы Рэй Мойлетт (11-0, 4 КО) Данияр Елеусіновті (3-0, 1 KO) маймылға теңеп, оны Борат деп мазақтаған еді.

«Бұл [эмодзи маймылы] маған қарсы шығуға әлі дайын емес. # Борат», — деп жазды Мойлетт.

Данияр да үндемей отырмады. Өзін маймылға теңеп, тіл тигізген ирландиялық қарсыласы Рэй Мойлетке көп кідірмей жауап қатты.

«Шынымды айтсам, жете бағаланбаған және ешкімге қызық емес мұндай адамдарға назар аударғым келмейді. Аты шықпаған, талант та, стиль де жоқ. Ол Мексикада менен ұтылған болатын, оған жеңісті сыйға тартты.

Бүкіл зал шулады, жеңісті берген кезде көрермендер «баклажка» лақтырғаны есімде қалыпты. Марапаттау рәсімін ең соңында, барлық жанкүйер кеткен кезде өткізді. Тек ирландиялықтар мен біздің жанкүйерлер қалған еді. Төрешілер қатаң сынға ілікті…

Ол өзге салмақ дәрежесінде. Менің салмағыма көтерілсе, жекпе-жекке дайынмын.

Алайда ол жай ғана менің танымалдылығымның арқасында өзіне пиар жасап жатыр деп ойлаймын. Оны Instagram-нан көрдіңіз бе? Еш жерде жоқ, өзі маған жазылған. Мен оның парақшасына кірмеймін, оқымаймын.

Бар-жоғы 3-4 мың жазылушысы болуы мүмкін. Сондықтан менің есебімнен танымал болғысы келеді. Ол рингке шығатын болса, ұтылады, оны өте жақсы біледі», — деп түсіндірді  Олимпиада чемпионы.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов пен Рэй Мойлетт 2008 жылы Мексикада жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында жұдырықтастасқан болатын. Ол кезде Ирландия боксшысы жеңіске жетіп, жас қазақстандықты ұтып кетті.

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Ақтөбеде "Киндер сюрприз" ұрлаған жас жігіт сотталды

Келесі лауазым

Сүйіктісін іздегенге есік ашық: Аша Матай әкесін үйлендіре алмай жүрген жігітті "Қалаулымға" шақырды (видео)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    55 бөлісу
    Бөлісу 22 Твит 14
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.