Пятница, 1 июля, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қайырымды жандардың ақшасына қымбат пәтер жалдап, көлік сатып алды: Қызына елден көмек сұраған жігіт көптің күмәнін тудырды

Денесінің 50 пайызы қатерлі ісікпен зақымдалған Әлима Көпейдің әкесі Алтай Көпей жұрттың айыптауларына жауап берді

29.08.2018
0
Қайырымды жандардың ақшасына қымбат пәтер жалдап, көлік сатып алды: Қызына елден көмек сұраған жігіт көптің күмәнін тудырды

Әлеуметтік желіде денесінің 50 пайызы қатерлі ісікпен шалдыққан Әлиманың жағдайы кімді болсын назарынан тыс қалдырмады.  Қолы ашық жандар балақайдың тезірек жазылуы үшін отасына қажет қомақты қаражатты аударып жатты.

Алайда, желі қолданушылары арасында Әлиманың ата-анасы қыруар ақшаны қыздың еміне емес, өздеріне жұмсауда деген айыптаулар да айтыла бастады.

Әлиманың әкесі Алтай Көпей бұл айыптауларға қатысты  жауап қатты.

«Бізді емханадан шалғай орналасқан Хьюстонның элиталық ауданында пәтерді жалға алды деп айыптауда. Нағыз элиталық аудан ол — DownTown. Барлық медициналық мекемелер шоғырланған ол жерде біз бастапқыда бес күн тұрдық және тәулігіне 120 доллар төледік. Ол жерде тарақан басқан пәтерлердің өзі 1000 доллар тұрады. Ал оңтүстік жағында пәтер арзан болғанымен, есірткі мен атысқа толы қауіпті аудан. Афроамерикалықтар мен латиностар тұратын жер.

View this post on Instagram

A post shared by Алтай Копей (@altay.kopey)

Ал біз отандастарымыз шоғырланған аймақта тұрып жатырмыз. Бұл жер, әрине ең қорқынышты жер емес, біздің жолымыз болды. АҚШ-та пәтер жалдауға қатысты өтінішті қарау үшін адам басына 200 доллар төлеуің керек, алайда бұл ауданда көк тиын алмады. Оның үстіне мұнда қазақстандықтар тұрғасын ақшамыздың 500 долларын қайтаратын акция ұсынды. Одан бөлек демалыс маусымы басталмағасын біз бір ай тегін тұрдық… Пәтер үшін айына барлығы 1100 доллар шықты. АҚШ үшін бұл өте арзан», — дейді ол.

Ал көлік сатып алды деп айыптағандарға Көпей келесідей жауап қайтаруда.

«Бұл жерде көлік сатып алмай, автобуспен немесе таксимен жүру әлдеқайда қымбатқа түседі. Такси миліне 2.60$ сұрайды, емханаға дейін 12 миль (барып-қайтуымыз 70 долларға түседі). Автобус — 1.50$, екі сағаттан артық уақыт қоғамдық көлікпен жүру керек. Ал көлікпен 20-25 минутта жетесің. Бензин галлонына 2.50$ тұрады. Ал көліктің құны — 6000 доллар. Менде отбасылық микроавтобус. Өзге көлігім жоқ. Мұнда жұмыссыз қол қусырып отырған жоқпын», — дейді Көпей.

View this post on Instagram

A post shared by Алтай Копей (@altay.kopey)

Көпей өзінің 2006 жылғы lexus GS430 көлігін қызының емі үшін сатылымға қойғанымен, одан еш нәтиже болмағанын алға тартты.

«Менің көлігімнің құны — 4 млн теңге. Көлемі 4,3 болғандықтан (салығы 260 000 теңге), көбі одан ат тонын ала қашады. Сеулге ұшқанға дейін оны арзанға сатып жібермек болдым. Сату туралы хабарландыруды екі ай бұрын бергенмін. Содан кейін «Колеса» сайты арқылы сатпақ болдым. Алайда еш нәтиже шықпады», — дейді Көпей.

View this post on Instagram

A post shared by Алтай Копей (@altay.kopey)

Ол өз пәтерін сатып жіберуге мәжбүр болғанын алға тартты.

«Басты сұрақ — пәтер. Біздің Алматыда пәтеріміз болған емес, Астанада ғана пәтеріміз болды. Алматыда пәтеріміз бар, оны енді ғана сатып жатырмыз дегені нағыз өтірік. Бұл өтірікті айтқан адамға сотта шағым түсіреміз. Әйелімнің анасы Астанадағы пәтерін бірден сатты. Мен де әйелім Айжанмен бірге пәтерімді әлдеқайда арзан бағаға сатып жібердім. Бүгінде тек өз анамның пәтері ғана сатылмай тұр, себебі ол өте ескі», — деп жалғастырды қыздың әкесі.

Алтай Көпей баласының денсаулығы жақсарып, көптің көмегімен емханадан шыққанын айтып, желі парақшасында жазба қалдырған.

«Біздің ханшайымды емханадан шығарды. Алақай. Отадан кейінгі ауыр күндерді еңсере алдық. Әлима өзін жақсы сезінеді. Бәріңе рақмет… Әлимаға емханадан демалат тұруға уақыт берілді.Үйінде отбасымен бірге оның жағдайы жақсара түседі», — деп жазған Алтай.

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Осыған кеткен ақшаны аяйсың: Астанада 1,8 млрд теңгеге салынған нысан күлкіге қалды

Келесі лауазым

Жарасымды жұп: Ертіс жағасында жүрген Бүркіт пен Айдана Меденова елдің күдігін тудырды (фото)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    61 бөлісу
    Бөлісу 24 Твит 15
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.