Желіде жаңа түскен келіннің бетін үш жігіт ашып жатқан видео тарап желінің қызу талқысына түскен еді.
Жазба астында “Осындай беташарға қалай қарайсыздар?” деп жазылған. Мұны оқыған желі қолданушылары салт-дәстүрді бұлай өзгертуге болмайтынын айтқан екен.
“Салт-дәстүрді бұрмаламаңдаршы”, “Концерт қылып жібердіңдер ғой”, “Келіннің беті ашық қой”, “Ерекше екен”,- деп жазды оқырмандар.