Четверг, 28 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

30 тамыз ҚР Конституция күні құтты болсын

Бүгін қазақстандықтар дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Конституция күнін тойлайды

30.08.2018
0
30 тамыз ҚР Конституция күні құтты болсын

Еліміз тәуелсіздігін 1991 жылы алғаннан кейін, Ата заңы екі рет қабылданған болатын. Бірі 1993 жылы 28 қаңтарда болса, соңғысы, яғни қазіргі нұсқасы 1995 жылы 30 тамыз күні бекітілді.

Конституцияның қабылдануы- Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасу жолындағы маңызды шешімдердің бірі.

Елбасымыздың  айтуынша, Ата заң -азаттықтың негізі.

1995 жылы қабылдаған конституцияға  23 жылдың ішінде 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары өзгерістер енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, Конституция күнінде қазақстандықтар бірден төрт күн демалады. Сондай-ақ, бұл уақытта елдің барлық қалалары мен облыстарында ресми іс-шаралар, мерекелік қыдырулар, түрлі көрмелер ұйымдастырылады.

БөлісуТвит
Алдыңғы лауазым

Димаштың жүрегін жаулаған қыздың кім екені анықталды (фото, видео)

Келесі лауазым

Қайрат Нұртастың жұбайы телевизия саласының "жұлдызы" атанатыны рас па?

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 5 айлық сәбидің дамуы: еңбектеуге дайындалып, тісі шыға бастайтын кез

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Кімдікі дұрыс? Митингіде че Кімдікі дұрыс? Митингіде чемпионның жұдырығы тиген қыз сотқа шағым түсірді.
Қоғам белсендісі Әйгерім Тілеужан олимпиада жеңімпазы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ермахан Ыбрайымовтың үстінен полицияға арыз жазды. Алайда әлі іс қозғалған жоқ. Бұны Алматы тұрғыны растап отыр. Ал депутат дәрежесіне нұқсан келетін әрекет жасалса, белсенділердің өзін сотқа беретінін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
⠀
«Алматы қаласының полиция департаменті арызды қабылдады. Бірақ әлі іс қозғалған жоқ. Куәгерлермен бірге қалалық полиция департаментіне келіп тұрмыз», — деді Әйгерім Тілеужан.
⠀
Оның сөзінше, полиция арызды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы «ұсақ бұзақылық» және 73-2-бабы «ұрып-соғу» бойынша қабылдады.
⠀
Айта кетейік, 10 қаңтарда өткен сайлау күні белсенділердің бірі Әйгерім Тілеужан жұртпен бірге алаңға шыққан. Айтуынша, сол кездегі қарбалас кезінде Ермахан Ыбрайымовтың жұдырығы бетіне тиген. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде боксшы алаңға шыққандардың бірінің қолындағы плакатты жыртып тастады деген де ақпарат тарады.
⠀
Ал спортшы үстінен арыз жазылғанынан хабары жоқ екенін айтты.
⠀
«Арыз жазып-жазбағанынан хабарым жоқ. Білмеймін. Егер менің үстімнен арыз жазып, жалған мәлімет тарататын болса, мен олардың үстінен арыз жазамын. Психологиялық-моральдық тұрғыда менің дәрежемді төмендетуге әрекет жасағаны үшін сотқа беріп, 5 миллион теңге өндіретінімді де айтқанмын», — деді Сидней олимпидасының жеңімпазы.
⠀
«Арыз жазамыз деп жүргеніне біраз уақыт болды. Менің адвокатым бар, өзім заң факультетін бітіргенмін. Мен заңды жақсы білемін», — дейді Ермахан.
⠀
Спортшы тарап жатқан ақпараттың бәрі жалған деп отыр.
⠀
«Саусағымның ұшы ешкімге тиген жоқ. Тарап жатқан әңгіменің бәрі — жалған мәлімет. Жерде жатқан плакаттарды көрдім… Мені балағаттап, менің намысыма тигеннен кейін жақын тұрған адамның плакатын жұлып алдым да, жыртып тастадым. Халықтың арасына арандатушылық салатын, ауызбіршілігін бұзатын неше түрлі сөздер жазған», — деді ол.
⠀
Алайда депутат намысына тиетін сөз айтқандардың үстінен бірінші болып арыз жазбайтынын айтты.
⠀
«Мен үлкен адаммын, Олимпиада чемпионымын. Ондай төмен дәрежеге түспеймін ғой. Олар сияқты емеспін. Мен өте жоғары дәрежедегі адаммын», — дейді ол.
Ең маңызды мамандық таңдауын дұрыс жасағаныңызға сенімдісіз бе? Мүмкін жан дүниеңізге жат жұмыс істеп жүрген боларсыз? Мұндай болмас үшін өзіңізді жақсылап танып алғаныңыз абзал.

1978 жылы америкалық психолог Сьюзен Деллинджер жасаған мына психологиялық тестке назар салыңыз. Бұл бес геометриялық фигураның негізінде жасалған, сіз тек өз болмысыңызды ашатын біреуін таңдауыңыз керек. 

Жауп осы парақшаның историясында. Комментарияға қай пішінді таңдағаныңызды жаза өтіңіз.
Табақ тартуды білесіз бе? Табақ тартуды білесіз бе?
Ақтөбелік полицей Дастан Сұлтанғазиевтің әрекеті елді сүйсіндірді. Тәртіп сақшысы немерелерімен тұрудан бас тартып, далада қалған 80 жастағы әжейді бір бөлмелі үйіне кіргізіп алған. Көпбалалы отбасы барар жері, басар тауы қалмаған қарияны алдағы уақытта да қамқорлығына алуға дайын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
⠀
«Әже немересімен тұрғысы келмейді. Ренжісіп, үйінен жиі шығып кетеді. Учаскелік инспекторлар іздеп тауып, бірнеше рет үйіне жеткізді. Келіні мен неремесімен сөйлесіп, оқиғаның мән-жайы зерделенді. Көп ұзамай тағы да қоңырау түсті. Оқиға қайталана берген соң ашық әңгіме айтып, себебі нақтыланды. Ол келіні және немерелерімен бір шаңырақта тұра алмайтынын айтты. Үнемі жанжал болған. Денесінде ешқандай жарақат анықталмады. Тек қариямен емес, келіні және немересімен хабарласып, сөйлестік. Олар қариядан бас тартып, қарттар үйіне өткізуді сұрады», — дейді Дастан Сұлтанғазиев.
⠀
Дастан бірден келіншегіне хабар беріп, үйіне апаратынын айтқан. Қолында таяғы бар, әрең қозғалып жүрген қарияны көпбалалы отбасы жылы қабылдаған. Людмила әжей де жаңа отбасыға үйренген. Дастанның бала күтімімен үйде отырған келіншегімен бірге оның жұмыстан келуін күтеді. Одан ешқайда жібермеуді сұрап, жылайды.
⠀
«Қарттар үйіне барғым келмейді. 60-шы жылдан бастап ауруханада жұмыс істедім. Перзентхана, онкология секілді ауруханаларда еңбек еттім. Зейнетақым бар, пәтер жалдап тұра аламын. Бірақ маған Дастанның үйі ұнайды. Балалары өте жақсы, мені әже дейді. Әйелі Алмагүл де құрақ ұшып жүр. Олар мені паналатты.
⠀
Осыған дейін № 12 шағын ауданда тұрдым. Ол жалдамалы пәтер. Немерем кезінде пәтерімді сатып, кәсіп бастап еді. Бірақ ісі алға баспай, баспанасыз қалдық. Мен далада қалдым (жылады). Қайда барарымды білмедім. Патрульдік полиция көлігі бөлімшеге жеткізді. Сол кезде Дастанды кездестірдім. „Әже“ деп ыстық тамағын берді, жылытты. Бәрі жақсы болады деп айтты», — дейді Людмила Шевченко.
⠀
«Бұл ерлік емес. Мен бірінші халықпен тығыз-қатынас орнату, көмек беру міндетім. Егер мен алып кетпесем, далада қалатын еді. Мен отбасымда жалғыз өстім. Әкем ерте дүние салды. Анам екеуміз ғана бір-бірімізге пана болдық. Өзімнің анам сияқты», — дейді Дастан.
Ұлт аралық араздықты күшейтетін ойларын айтып, көпшілікті ашуландырған әйел тағы кешірім сұрады. Кешіресіздер ме?

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.