Палембангта каное мен байдаркада 500 метрге ескек есуден еліміздің атын қорғап, біздің спортшылар мәреге бірінші болып жетті.
Бұл сында ел намысын И. Голендов, С. Токарницкий, А. Дергунов, Е. Алексеев қорғаған.
Осылайша, отандастарымыз үздік уақыт көрсеткішімен алтын медальді жеңіп алды. (1.24.203)
Сайыс қорытындысы бойынша, күміс жүлдені Оңтүстік Корея (1.25.313) алса, қола жүлдені Иран құрамасы қанжығасына (1.26.939) байлады.