Суббота, 25 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қазақтың бір келіні Жұлдыздай-ақ болып алсын: Гүлзира Айдарбекова келінін «пара берді» дегендерге жауап берді

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова Ұлттық арнада бағдарлама жүргізушісі болып тұрғаннан кейін, оған көптеген теріс пікірлер жаудырған еді. Соған әбден ашуланған енесі Гүлзира Айдарбекова сынағандарға жауап қатты

31.08.2018
0
Қазақтың бір келіні Жұлдыздай-ақ болып алсын: Гүлзира Айдарбекова келінін «пара берді» дегендерге жауап берді

Продюсер өзінің желідегі парақшасында, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, анық-қанығын біліп алмайынша сынағанды доғару керек деп кеңес берді.

«Осы жарнама шыққалы, Жұлдыз журналистерге орын қалдырмады, оқымаған деп, біреулер бұрқыратып жазып бастады. Жұлдызға 10 жыл бойына, мал бақтырып, сиыр саудырып қойғаным жоқ. Тұрмысқа шыққанша колледжді бітірсе, тұрмысқа шыққаннан соң, балаларын дүниеге әкелді, ибалы келін, сүйікті жар болумен қатар, жоғарғы оқу орнын да тәмамдап алды.Қайрат шыңға шыққанша нені бастан өткізбедік, кір іздеу, мұқату, аяқтан шалу, жала жабу. Сіздердің білетіндеріңіз тек Праймдағы жағдай ғана, бірін білсеңіздер бірін білмейсіздер.

Сынаққа сынып кетпей шыңдала түскен тәрбиемізді көріп өскен » Көп өмір сүргеннен емес, көпті көргеннен сұра» дегендей, Жұлдызым қайсарлығымен бәрін жеңіп шығатынына сенімдімін. » Арман» киносына түскен кезінде де қаншама сын айтылды бітпей жатып….Аллаға сансыз шүкір, ең мықты деген актрисалардан асып түспесе кем түскен жоқ, оған өздеріңіздің де көздеріңіз жетті.

Ал біреулер, ақша беріп кірген ғой деп, жұртты кері пікірге итермелеу пиғылымен тағы жазыпты. Пара беріп, жетістікке жетпей-ақ қояйын. Осы уақытқа дейін 1 тиын пара бермей, таза, қара тер еңбегімізбен қасықтап жиған абыройымызды шелектеп шаша алмайды екенбіз. Жұлдызымның өте үлкен сынға түскелі тұрғанын, алда небір аяқтан шалу болатынын біліп те сезіп те отырмын.

10 жыл бойына сабырлықпен отырды екен деп, 100 жыл отыр демейтін шығармыз. Әр нәрсенің шегі бар. Оның да алға қойған мақсаты бар, өзіне деген сенімі тағы бар. Қазақтың бір келіні Жұлдыздай-ақ болып алсын. Қайта қыздарыңыз бен келіндеріңіз, жас аналар Жұлдыздың төзімділігінен, еңбекқорлығынан үлгі алсын.

Қолдарыңыздан келсе сәттілік тілеңіздер. Жұлдызым, жұлдызың жана берсін! Біздің және ұл-қыздарыңның бағына, өмірің ұзақ, ғұмырлы болсын жаным! » Суға салса батпай, отқа салса жанбай» өзіңнің пәк төзімділігіңнің арқасында шыңға шығып, үмітімізді ақтайды деп үлкен сенім артамын. Сәттілік серігің болсын!»-деп жазды Гүлзира Айдарбекова өзінің желідегі парақшасында.

View this post on Instagram

A post shared by Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Бөлісу14Твит9
Алдыңғы лауазым

Тарихи матч: "Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды (видео)

Келесі лауазым

Үздік екенін дәлелдеді: Ольга Рыпакова төртінші рет Азия чемпионы атанды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    35 бөлісу
    Бөлісу 14 Твит 9
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.