Понедельник, 15 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Айдар Тұрғанбек:Әйелімді алғаш көргенде, Алла Тағала бұдан асқан сұлу әйелді жаратпаған шығар деп ойладым

Әнші өзге жігіттерге бір әйелді өмір бойы сүю мен сонымен бір жастықта қартаюдың сырын айтты

31.08.2018
0
Айдар Тұрғанбек:Әйелімді алғаш көргенде, Алла Тағала бұдан асқан сұлу әйелді жаратпаған шығар деп ойладым

Айдар Тұрғанбек «Менің әйелім бәрінен де сұлу» деген сурет жариялап,  жантебірентерлік ойын жазды.

«Ілгеріде бір жігіт елге танымал дана қартқа келіп, оған өзін қинаған үлкен бір мәселені айтып шағымданған көрінеді. Сондағы айтпағы мынау екен:

– Мен әйелімді алғаш көргенде Алла Тағала бұдан асқан сұлу әйелді жаратпаған шығар деп ойладым. Сосын оған үйлендім. Қарасам, ол секілді әйелдер көп екен. Біраз уақыт өткеннен кейін одан да сұлу әйелдердің өріп жүргенін байқадым. Жылдар өткен сайын әйелімнің көркі мен тартымдылығы кеми берді, кеми берді. Басқа әйелдің барлығы мен үшін хор қызындай. Мұның сыры неде? – деп сұрайды. Сонда әлгі қарт:

– Саған одан да сорақы, одан да қорқынышты бірнәрсе айтайын ба? Егер сен әлемдегі әйел атаулының барлығына үйленсең де сен үшін қызыл иек кәрі кемпір бәрінен сұлу көрінер еді», – дейді.

Әлгі жігіт бұл сөзді қалжың деп қабылдап, күле бастайды. Сонда қарт сөзін жалғап:

– Себебі, кемшілік сенің әйеліңде емес, кемшілік – қанағатсыз жүректе, көрсеқызар көзде, тойымсыз көңілде. Ұят кеткен көзді тек топырақ қана толтыра алады», – дейді. Сосын:

«Жарыңның баяғы, әлемнің ең сұлу әйеліндей болған кезіне қайта оралғанын қалайсың ба? Онда көзіңді еркіне жіберме. Бөтен әйелдердің қасында назарыңды төмен салуды үйрен. Өйткені, көзді тыю – жанды демалдырады, кеудені тыныштандырады. Әйеліңді сәт сайын сұлуландырып, жаныңды шаттандырады. Сонда ғана әйеліңмен қанағаттанып, жанұяңды сақтайсың», – деген екен.

Желі қолданушыларына бұл әңгіме үлгі болды. Тыңдарманы әншінің имандылығын айтып, таңғалып жатты.

“Жақсы айтылған, ойланатын дүние”, “Алла жүрегіңіздегі иманыңызды күшейте берсін осындай әңгімелерден соң қаншама адамдардың көзін ашып қанағаттану сезімін оятып сауап жинадыңыз жанаттың төрінен орын бұйырсын иншалла”, – деп жазды оқырмандар.

https://www.instagram.com/p/BnGpzAklb9n/?utm_source=ig_web_copy_link

Бөлісу20Твит13
Алдыңғы лауазым

Жүкті әйел жетінші баласын емтиханда босанып қала жаздады

Келесі лауазым

Музыка өшіп қалса да әнді жанды дауыста жалғастырған әнші тыңдармандарын тәнті етті (видео)

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.