Жапония құрамасымен өткен аса тартысты кездесуде қазақстандықтар 8:7 есебімен жеңіске жетті. Біздің команда сапынан Михаил Рудай мен Евгений Медведев мергендігімен танылды.
Олар тиісінше үш және екі доптан соққан. Ватерполшылар Қазақстан қоржынына Азиаданың 15-ші алтынын салып отыр.