Вторник, 13 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қайраттың сүйіктісі енесінің өзін сыйлату мен тыңдатудағы әдістерімен бөлісті

Жұлдыз: Негізгі қағидаларға бағына отырып, терлеп -тепшіп жүріп Ене институтын үздікке бітірдім

01.09.2018
0
Қайраттың сүйіктісі енесінің өзін сыйлату мен тыңдатудағы әдістерімен бөлісті

Танымал әншінің сұлу келіншегі алғаш келін болып түскен жылдарын есіне алды. Отбасына енесінің орны зор екенін айтқан Жұлдыз одан көптеген дүниелерлі үйренгенін ашық айтты. Әрі Қайраттың анасы мен әкесіне құрметі күшті екенін жеткізді.

“Менің енемнің, келін тәрбиелеуінде өзіндік стильі мен ұстанымы бар)). Өзім ата-ене қолында 5-6 жыл тұрдым, пістім десем болады. Орамал тағып, сәлемімді салып, таңертең ерте тұрдым (есік алдын сыпырдым демеймін) бірақ ыстық нанымды күнде таңда пісіретінмін. Ұрпақ әкеліп, ана атандым.

Жалпы қандай жағдай болмасын ата-енемнің айтқанын жерге тастамауға тырсатынмын, одан жаман болған емеспін қайта қателіктерімді түзедім.  Ұзын- сөздің қысқасы… Ене институтын терлеп- тепшіп, үздікке бітірдім.

Содан соң, бізді жеке отбасы болуымызға сенімді болғандықтан болар, ата- анамыз еншімізді бөліп берді. Оның өзі біз үшін үлкен жауапкершілікке айналды. Бірақ әлі күнге дейін, бір шаңырақтың астында тұратын сияқтымыз. Көбіне дастарxан басында бірігіп тұрамыз. Қазіргі таңда енем емес – анамдай болып кеткен.

Мен өзіме енемнің ерекше қасиеттерін (болашақ енеге) түртіп алдым: ең бастысы қатаңдықпен емес даналықпен тәрбиелеуі; кінәләйтін емес үйретуі; өзгенің көзінше  бағалау;

ұлын емес келінін қорғаштау; басқаның келінімен салыстырып, кемістпеуі; үйдегі әңгімені сыртқа шығармауы; әлі де үйреніп, түйетінім  көп… Ене мен келін татулығына- әулеттік эстафетаны бір- біріне дұрыс ұсынуы, отбасы құндылығын сақтап қалуға көп септігін тигізеді деген ойдамын.

⠀Негізінде, тариxқа жүгінсек, қазақтың дәстүрлі отбасында ене мен келін арасындағы қарым-қатынаста ешқандай қиындық болған емес деп ойлаймын.

Себебі, екі арадағы келіспеушілктер жайлы шешендік сөз кездеспейді. Қазіргі қоғамда енені сыйламау, мысқылдау идеясы (анекдоттар) – орыстың салтынан, европаның стильінен еніп жатыр. Меніңше сол елдердердің – безбүйрек, ұятсыз, арсыз псиxологиясы.

Бұл біздің менталитетке мүлдем кірмейді және кіргізбеу керек! Себебі, парасатты, қаны қазақ ер азаматы анасына ең үлкен құрметтің көрсетілгенін қалайды.⠀

Келіндердің енесіне жасаған әр- бір әрекеті – өзінің енелік өмірінің кірпіші. Егер де, жақсы келінге қол жеткізгісі келген әйел өз енесіне қолынан келген құрметті аямау керектігін түсіну қажет. Әр-бір келін енеге қарап ой түзеп, бойын түзейді деген пікіріме келісесіз бе?”,- деп жазды Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова.

Бөлісу11Твит7
Алдыңғы лауазым

Назарбаев жалақысы төмен азаматтарға берілетін көмек түрін атады

Келесі лауазым

Су добынан Қазақстан ерлер командасы Азиадада алтын медальді иеленді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    7 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Даяшы мейрамханаға келген қонақты құтқарып қалды
Франциядағы Крей қаласының Франциядағы Крей қаласының мэриясында Йешим Саваш есімді қазақ қызы жұмыс істейді. Йешимнің атасы Қазақстанда, әкесі Түркияда, ал өзі Францияда дүниеге келген деп хабарлайды Хабар24.
⠀
Йешим Саваш жастайынан саясатпен айналыса бастап, отызға толмай туған қаласының яғни, Крей қаласы мэрінің орынбасары болып сайланған. Йешим Саваш күндіз мектепте жұмыс істейді, ал кешке қаланың мәдени мәселелерімен айналысады. Францияда бұл қызмет негізгі жұмыстан босатпайды.
⠀
Алты жылға сайланған Йешим бұл мерзімде Крей қаласының мәдени ортасын дамытатын үлкен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Сондай-ақ тарихи отанымен тығыз байланыс орнатпақ.
⠀
«Бұл керемет болды. 2014 жылы қалалық кеңеске сайланғанда, халықаралық қатынастармен айналыстым. Крей түрлі елдердегі 12 қаламен серіктестік орнатқанын айта кету керек. Отбасымыз бүкіл Крейдегі жалғыз қазақтар, сондықтан Қазақстанмен байланыс орнатсақ жақсы болар еді. Мен әлемдегі бірнеше шаһармен осындай жұмыс атқарып үлгердім. Арасында Түркиядағы Кушадасы бар. Қазақстандағы қалалардың бірімен ынтымақтастық орнатуды өзім үшін үлкен абырой санар едім», — дейді Крей қаласы мэрінің орынбасары Йешим Саваш.
⠀
Қазақстанда әлі болмаған Йешимнің бір арманы — атамекеніне бару. Өткен ғасырдың ортасында туған елінен кетуге мәжбүр болған атасы өз тамырын ұмытпай, туған жерін қадірлеп, қастерлеуді үйреткен. Йешим үйінде ұлттық тағамды жиі дайындап, дәстүрін сақтап келеді.
⠀
«Мені түрік деп атауға болады. Өйткені әке-шешем Түркия азаматтары, өзім Франция азаматымын. Алайда ұлтың кім деп сұрағанда, үнемі қазақпын деп жауап беремін.
⠀
Ата-әжеммен бірге тұрмағандықтан, ана тілімді үйрене алмадым. Бірақ оған қарамастан өзімді қазақпын деп есептеймін. Қазақстанда мені мақтан тұтқанын көріп, көзіме жас келді. Бүкіл елдің қолдауына ие болу — үлкен абырой», — дейді Йешим Саваш.
⠀
Қала мэрінің орынбасары болып сайланғаннан кейін Йешим Франциядағы қазақтар ортасында жұлдызға айналған. Ол туралы Қазақстан, Орталық Азия мен Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдары жазған болатын.
Осындай ырым бар екен. Қаншалықты рас
Қазақ балуаны Қажымұқанның Қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығына арнап түйе көтерді! 

Дархан даланың арландары аман болсын! 

Белгілі атлет, түрлі экстрималды жаттығулар бойынша әлем рекордын жаңартқан қазақ балуаны Темір Сыпатаев Қажымұқанның 150 жылдық мерейтойына арнап тағы бір рекорд жасады!
Өлімге әкелген "қыз алып қашу" оқиғасынан кейін Бішкек полициясының бастығы жұмыстан шығарылып, ондаған өзге офицер жазаланды.
10 сәуірде Қырғызстан ішкі істер министрлігі Бішкек полициясының бастығы Бақыт Матмұсаевты, оның орынбасары Ерлан Атантаевты, тергеу қызметінің бастығы Нұрлан Өтемісовты және өзге де офицерлерді қызметтен босатқанын хабарлады. Бұдан өзге ондаған полицейге ескерту мен сөгіс секілді тәртіп шарасы қолданылған. Тексеріс нәтижесінде барлығы 44 полиция қызметкері жазаланған.
5 сәуір күні Бішкекте бір топ жігіт көшеде кетіп бара жатқан 27 жастағы Айзада Қанатбекованы көлікке күштеп отырғызып, алып қашқан. Оқиға көшедегі камераға түсіп қалып, видеодан көліктің маркасы мен нөмірі анық көрінген. Екі күннен соң Қанатбекова мен оны ұрлағандардың бірі саналатын Замирбек Теңізбаев сол көлік ішінде өлі табылған. 8 сәуір күні Бішкекте ірі наразылық акциясы өтіп, ашулы халық ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековтен отставкаға кетуді талап етті.
Наразылар үкімет үйіне шерулетіп, ел премьері Ұлықбек Мариповпен кездескен. Үкімет басшысы іс бойынша қызметтік тексеріс басталғанын, оқиғаның президент бақылауында екенін айтқан.
Болған оқиғаға "моральдық тұрғыда жауапты" екенін айтқан ішкі істер министрі Ниязбеков қызметінде қалды.
Тергеушілер 36 жастағы Замирбек Теңізбаев Айзада Қанатбекованы қылқындырып өлтіріп, артынан өзіне қол салған болуы мүмкін дейді. Олар сондай-ақ Теңізбаевтың осыған дейін Ресейде үш рет істі болғанын айтты.
Әзірге кісі ұрлау ісі бойынша төрт адам күдікке ілініп, қамауда отыр.
Айзада Қанатбекованың туыстары полиция іске салғырт қарады дейді. Анасы Назгүл Шәкенова мен немере әпкесі Азаттықтың Қырғыз қызметіне Айзаданың ұрланғанынан 12 сағат өткенде жеке-жеке қоңырау шалғанын айтты.
Олардың сөзінше, Айзада оларға алып қашқан жігіттің бастапқыда Ош қаласына алып кетпек болғанын, кейін босатуға келіскенін, Бішкекке келе жатқанын айтқан.
Айзаданың анасы мен әпкесі тергеушіге бірден қоңырау шалғанын, бірақ тергеушінің немқұрайлы жауап бергенін хабарлады.
Отандық танымал актриса Нұргүл Мыңғатова сәбилі болды. Өнер иесі жолдасына ұл бала сыйлаған деп жазады.

 Кино және театр жұлдызының отбасындағы бұл қуанышы оның барша жанкүйерлерін қуантты. Олар сүйікті актрисаларын шын жүректен құттықтап, сәбиі екеуіне ақ тілектерін қарша жаудырды.

 Мыңғатованы арнайы құттықтаған жұлдызды оқырмандары арасында Алтынай Жорабаева, Салтанат Бақаева, Жұлдыз Әбдікәрімова, Жазира Байырбекова және тағы да басқалар бар. 

"Аман-есен аяқ-қолыңды бауырыңа ал Алла қаласа", "Бауы берік болсын. Боалашқта бетке ұстар үлкен азамат болсын" , "Құттықтаймыз. Сіз үшін аса қатты қуанып тұрмыз" , "Бақытты болыңыз. Сіз бар жақсылыққа лайықсыз. Сәбиіңіздің қызығына тоймай жүре беріңіз" , "Сіз тұрмыстасыз ба? Мен сізді бойдақпа десем. Қуаныштымын бауы берік болсын ғұмырлы болсын саналы салиқалы мұсылман жігіт болсын" , "Дені сау, салмақты, иманды, салиқалы ұл болсын! Қуаныштымыз" , - деп жазуда көпшілік.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.