Четверг, 28 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Астанада маса шаққан жас келіншек ауруханада көз жұмды

Марқұм келіншектің туыстары дәрігерлердің айтқанына сенбей отыр

03.09.2018
0
Астанада маса шаққан жас келіншек ауруханада көз жұмды

28 жастағы Астана тұрғыны Мақпал Еспенбетова маса шағып, көзі ісіп кеткен соң бірінші қалалық ауруханаға барады. Бірақ дәрігерлер укол салған соң келіншек тіл тартпастан қайтыс болады. Ауруханадағылардың алдын ала қорытындысы бойынша ол анафилактикалық шоктан көз жұмған. Бірақ марқұмның туыстары тәуелсіз сараптама жүргізіп, дәрігерлердің айтқанына сенбей отыр.

Мақпал Еспенбетованы бүгін туған-туысы Семей қаласында жерлеп жатыр. Болған жағдайдың мән-жайын Sputnik тілшісіне Мақпалдың жақын құрбысы Бибен Жүнісова айтып берді. Бибен Мақпалды маса шаққан күні де, ауруханаға барған күні де қасында болған екен.

“2018 жылы 30 тамыз күні құрбым Мақпал екеуміз дипломатиялық қалашыққа бардық. Ондағы мақсатымыз – құрбым жуырда ғана көлік алған еді. Сол ауданда көлік азайған соң, ол машинасын жүргізіп үйренгісі келген. Сол жерде Мақпалдың бір көзін маса шағып алды. Кәдімгі күнде өзіміз көріп жүрген маса. Көзі ісіп кетті”, — дейді Бибен Жүнісова.

Марқұм 31 тамыз күні таңертең құрбысы Бибенге көзінің суретін жіберген. Бибеннің айтуынша, көзінің ісігі сәл басылса да, Мақпал дәрігерге барғалы отырғанын айтыпты.

“31 күні таңертең құрбым маған көзінің суретін жіберді. Ісігі сәл қайтқан, бірақ ол бәрібір дәрігерге барып, консультация алғысы келді. Сөйтіп, 31 тамыз күні күйеуі екі баласымен Мақпалды Қошқарбаев көшесі, 66 мекен жайындағы Астана қалалық 1 ауруханаға алып барды.

Маған бара жатқандарын айтты. Таксикология бөліміне барып, кезек алды. Жолдасы мен екі баласы көлікте күткен. Кезек көп болған соң, әрі балалардың мазасы кеткен соң жолдасы балаларды үйіне алып кеткен. Балаларын үйге қалдырып, қайта ауруханаға келе жатқанда оған “әйеліңіз қайтыс болды” деген хабар келген”, — дейді марқұмның құрбысы.

Бибен Жүнісова ауруханаға келгенде марқұм Мақпалдың денесі суып кеткен екен. Дәрігерлер Мақпалдың күйеуі мен құрбысына “ол анафилактикалық шоктан” қайтыс болды деген.

“Мен кіріп, марқұмның денесін ұстағанда, мұздап кеткен. Аузында түтікшелер жатты. Дәрігерлер оған “Преднизолон” деген препарат салдық деді. Бірден айта кетейінші, Мақпалдың негізі аллергиясы бар. Сондықтан да ол маса шаққан соң өздігінен емделмей, дәрігерге барған. Дәрігерге ескерткен екен, бірақ қандай да бір укол салуға рұқсат бермеген. Оның өліміне қатысты толтырылған қағаздарды бірақ көрдім. Ол еш жерге қол қоймаған, аурудың тарихы бос. Содан мен бірден оған укол салған дәрігерді де, оның көмекшісін де бейнеге түсіре бастадым”, — дейді Бибен Жүнісова.

Бибеннің айтуынша, дәрігерлер өздерін кінәлі сезінбеген және болған жағдайды тез “жуып-шайғысы” келген. Бибен кіріп, құжаттарды қарай бастағанда, дәрігерлер жиналып, басқа жақтан толтырылған құжаттарды әкелген.

“Бізге берген анализ парақшасында “науқастың салмағы 71 кг, ер адам” деп жазылып тұрды. Мақпалдың салмағы небары 54 кг. Дәрігерлер укол салғаннан кейін ол құсып, қысымы түсіп кеткен де тіл тартпай қайтыс болған. Енді бізге берген қорытынды құжатта “науқас маса шаққаннан кейін көз жұмды” деп жазылып тұр”, — дейді Бибен Жүнісова.

Тәуелсіз сараптама марқұмның дені сап-сау болғанын көрсетті

Мақпалдың туған-туысы оны мәйітханада өздері апарған тәуелсіз сарапшының тексергенін талап еткен. Алайда, қалалық мәйітхана оған келіспей, оның денесін бермей, 14 сағат күттірген. Бірақ, заңгердің арқасында Мақпалдың мәйіті тәуелсіз сарапшының қолына тапсырылған екен. Қорытынды Мақпалда ешқандай патологиялық ауру болмағанын айтқан.

 

Бөлісу4Твит3
Алдыңғы лауазым

Қажылықтан келген әнші Жанболаттың анасы немерелерімен жылап көрісті (видео)

Келесі лауазым

Шымкенттік танымал әнші салмағы 120 келі болатын оққағар әйелмен жүретін болған (фото)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 5 айлық сәбидің дамуы: еңбектеуге дайындалып, тісі шыға бастайтын кез

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Ең маңызды мамандық таңдауын дұрыс жасағаныңызға сенімдісіз бе? Мүмкін жан дүниеңізге жат жұмыс істеп жүрген боларсыз? Мұндай болмас үшін өзіңізді жақсылап танып алғаныңыз абзал.

1978 жылы америкалық психолог Сьюзен Деллинджер жасаған мына психологиялық тестке назар салыңыз. Бұл бес геометриялық фигураның негізінде жасалған, сіз тек өз болмысыңызды ашатын біреуін таңдауыңыз керек. 

Жауп осы парақшаның историясында. Комментарияға қай пішінді таңдағаныңызды жаза өтіңіз.
Табақ тартуды білесіз бе? Табақ тартуды білесіз бе?
Ақтөбелік полицей Дастан Сұлтанғазиевтің әрекеті елді сүйсіндірді. Тәртіп сақшысы немерелерімен тұрудан бас тартып, далада қалған 80 жастағы әжейді бір бөлмелі үйіне кіргізіп алған. Көпбалалы отбасы барар жері, басар тауы қалмаған қарияны алдағы уақытта да қамқорлығына алуға дайын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
⠀
«Әже немересімен тұрғысы келмейді. Ренжісіп, үйінен жиі шығып кетеді. Учаскелік инспекторлар іздеп тауып, бірнеше рет үйіне жеткізді. Келіні мен неремесімен сөйлесіп, оқиғаның мән-жайы зерделенді. Көп ұзамай тағы да қоңырау түсті. Оқиға қайталана берген соң ашық әңгіме айтып, себебі нақтыланды. Ол келіні және немерелерімен бір шаңырақта тұра алмайтынын айтты. Үнемі жанжал болған. Денесінде ешқандай жарақат анықталмады. Тек қариямен емес, келіні және немересімен хабарласып, сөйлестік. Олар қариядан бас тартып, қарттар үйіне өткізуді сұрады», — дейді Дастан Сұлтанғазиев.
⠀
Дастан бірден келіншегіне хабар беріп, үйіне апаратынын айтқан. Қолында таяғы бар, әрең қозғалып жүрген қарияны көпбалалы отбасы жылы қабылдаған. Людмила әжей де жаңа отбасыға үйренген. Дастанның бала күтімімен үйде отырған келіншегімен бірге оның жұмыстан келуін күтеді. Одан ешқайда жібермеуді сұрап, жылайды.
⠀
«Қарттар үйіне барғым келмейді. 60-шы жылдан бастап ауруханада жұмыс істедім. Перзентхана, онкология секілді ауруханаларда еңбек еттім. Зейнетақым бар, пәтер жалдап тұра аламын. Бірақ маған Дастанның үйі ұнайды. Балалары өте жақсы, мені әже дейді. Әйелі Алмагүл де құрақ ұшып жүр. Олар мені паналатты.
⠀
Осыған дейін № 12 шағын ауданда тұрдым. Ол жалдамалы пәтер. Немерем кезінде пәтерімді сатып, кәсіп бастап еді. Бірақ ісі алға баспай, баспанасыз қалдық. Мен далада қалдым (жылады). Қайда барарымды білмедім. Патрульдік полиция көлігі бөлімшеге жеткізді. Сол кезде Дастанды кездестірдім. „Әже“ деп ыстық тамағын берді, жылытты. Бәрі жақсы болады деп айтты», — дейді Людмила Шевченко.
⠀
«Бұл ерлік емес. Мен бірінші халықпен тығыз-қатынас орнату, көмек беру міндетім. Егер мен алып кетпесем, далада қалатын еді. Мен отбасымда жалғыз өстім. Әкем ерте дүние салды. Анам екеуміз ғана бір-бірімізге пана болдық. Өзімнің анам сияқты», — дейді Дастан.
Ұлт аралық араздықты күшейтетін ойларын айтып, көпшілікті ашуландырған әйел тағы кешірім сұрады. Кешіресіздер ме?
Ақтауда ер адам кішкентай қызды зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының ресми сайты.
⠀
Сот отырысы 25 қаңтарда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті. Белгілі болғандай, сотталушы былтыр 28 мамыр күні түнде досының пәтеріне келген екен, алайда әйел үйінде болмай шыққан.
⠀
Сонымен бірге, құжаттарда көрсетілгендей, ер адам мас болған. Сотталушы әйелдің жоқтығын пайдаланып, үйде болған кәмелетке толмаған қызды бірнеше рет басынан және бетінен ұрып, зорлап тастаған.
⠀
Мемлекеттік айыптаушы істің мән-жайын, балаға қатысты зорлық-зомбылықты ескере отырып, соттан айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
⠀
Сотталушының аталған қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасаудағы кінәсі сенімді түрде анықталғандықтан, сот талқылауы кезінде дәлелдемелерді жан-жақты зерттеген сот айыптаудың барлық эпизодтары бойынша сотталушыға үкім шығарды.
⠀
Сонымен бірге айыпталушының қылмыс жасау кезінде мас болуы айыпты ауырлататын жағдай деп танылды.
⠀
«Сот аса ауыр қылмыстардың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін және орын алған салдарын және жазаның онша ауыр емес түрі жазалау мақсаттарына жетуді қамтамасыз ете алмайтындығын ескере отырып, сотталушыға Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесуді ұйғарды», — делінген хабарламада.
⠀
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Шымкентте Тельмандағы мәсе Шымкентте Тельмандағы мәселе шешілді. Магамед есімді азамат көршілерінің талабын орындады.  Магамед көшеге үйінен шығатын кәріз суы ағатын құбырды бекітіп қойғанын айтып, көпшілікке видео арқылы көрсетіп тұр. 
 Бұл кісінің қарындасы хабарласып, ол кісінің қоғам талқысынан кейін қан қысымы көтеріліп ауырып жатқанын айтты. Әрі көпшіліктен кешірім сұрады. Кешіресіздер ме?

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.