Четверг, 30 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Талдықорғанда орамал таққан оқушы сабақтан қуылды

Оқушы Зарина Оспанова: орамал ойыншық емес, қайтсем де шешпеймін

04.09.2018
1
Талдықорғанда орамал таққан оқушы сабақтан қуылды

Оқу жылымен бірге орамал мәселесі де басталды. Алматы облысында орамал таққан балалар мектепке кіргізілмеді.

Бүгін қаладағы №14 мектеп-гимназияда оқитын Зарина Рахим есімді оқушыны мектеп басшылығы бірыңғай оқу формасына бағынбағандығы үшін сабаққа жібермей қойды деп жазды 31 арна. Бірақ барша сыныптастарының алдында еңсесі түссе де оқушы орамалын шешпек емес. 

Талдықорғанда орамал таққан балалармен осылайша күрес жүріп жатыр. Жеті баланың анасы Гүлфира Оспанова былтырғы оқу жылының соңғы тоқсанынан бері қызын мектепке кіргізе алмай жүргенін айтады.

Бірақ бүгін ешқандай талапқа бағынбастан баласын жетектеп, сыныбына апарды. Ал 9 сыныпқа барған қызы Зарина оқуын қатты сағынып қалыпты. Бірден құрал-жабдықтарын шығарып, сабаққа дайындала бастап еді, оны сынып бөлмесінен шығарып жіберді.

«Баланы ешкім ойлап жатқан жоқ. Өз бастарын ойлайды бәрі. Заң қабылданған жоқ. Ол тек ғана приказ. Заң қарастырылуда. Егер шешемін десе өзі, шешеді, барады сабаққа. Шешпеймін десе бармайды сабаққа.»,- дейді  Зарина рахымның анасы Гүлфира Оспанова.

«Мен орамалымды шешпеймін. Бұл ойыншық емес.»,- дейді Талдықорғандағы №14 мектеп-гимназиясының оқушысы Зарина Рахым.

Ал Талдықорған қаласындағы білім бөліміндегілер болса орамал таққан оқушылар мектепке мүлдем кіргізілмейтінін айтады. Білім және ғылым министрілігінің осыдан екі жыл бұрын шығарған 26-бұйрығын алға тартқан мамандар Талдықорғанда қазір алты бала орамалын шешпей отыр дейді.

«26- бұйрық, 2016 жылғы, 14 қаңтарда. Ол жерде нақты былай айтып тұр: «Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Оның ішінде хиджаб та кіреді».,- дейді Талдықорған қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Сәулеш Бақтыбаева.

Алматы облысында өткен оқу жылының соңғы тоқсанында да орамал таққан 8 оқушы мектепке кіргізілмей, олар алдыңғы тоқсанның нәтижесі бойынша қорытылған болатын. Ал биыл алты оқушының жағдайы қалай болатыны белгісіз. Себебі, олар орамалын шешпесе, мүлдем білімнен қағылмақ.

Бөлісу8Твит5
Алдыңғы лауазым

Маса шаққаннан кейін қайтыс болды делінген келіншектің күйеуі жаңа деректер айтты

Келесі лауазым

Астанада босануға барған тағы бір ана қайтыс болды

Пікірлер 1

  1. Найзалы says:
    4 года Бұрын

    Оң мен терісті ажырата алмайды, білімі төмен, қазақшасы да нашар екен, сөйте тұра біріңғай мектеп формасына қарсы шығады, жайылдықпен! Бәрібір болашағы жоқ балалар ғой, ғылымды қай бір қарық қылады, мешітке барсашы. Уағызды тыңдап қана өмір сүрмей ме, ғылым мұндай түрдегі әсіредіншілдерге арналмаған. Құранда талап етілмеген, қазақ тарихында болмаған діни киімді мектепте бұлдап Қазақты әбден алатайдай бүлдірді, бұл уахабист сектанттар!

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    55 бөлісу
    Бөлісу 22 Твит 14
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.