Суббота, 16 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

ШҚО-да төрт күн бойы иен далада адасқан 5 жасар бала аман-сау табылды

Баланың нағашы ағасы: Төрт күн бойы күн суық болды. Қаршығаны тірідей тапқан кезде тізерлеп отырып жылап жібердім.

05.09.2018
0
ШҚО-да төрт күн бойы иен далада адасқан 5 жасар бала аман-сау табылды

Шығыс Қазақстан облысында төрт күн бойы иен далада адасқан 5 жасар бала аман-есен табылды, деп жазады altaynews.

29 тамыз күні кешке қарай Күршім ауданы Сарыөлең ауылында бес жасар Қаршыға есімді бала жоғалды деген ақпарат ауыл арасына лезде тарайды.

Бала нағашы атасы мен апасы Нұргүлдің қолында болған. Алдымен ауылдың батыс жағына қарай бес шақырым жерде велосипеді табылған. Қуанышқа орай,тоқтаусыз іздеу шараларының нәтижесінде төртінші күн дегенде кішкентай Қаршыға «Қомашарбақ» телімі аумағынан аман-сау табылды.

Жаппай іздеу жұмыстарына АІІБ, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, №9 суда құтқару бөлімшесі кірісіп, аудан әкімінің басшылығымен іздестіру шаралары бірнеше бағытта жүрген.

«Негізгі іздеу жұмыстары бала жоғалған күні түнде ауылдың батыс жағына қарай бес шақырым жерден велосипеді табылған бағытта жүргізілді. Сондай-ақ, кішкентай ұл ауыл маңайындағы каналдарға түсіп кетті ме деген қауіппен су арналарын құтқарушылар жіті сүзгіден өткізді.

АІІБ басшысы полиция подполковнигі Қайрат Бытебаевтың қатысуымен іздестіру тобы, №2535 әскери бөлімнен бір топ қызметкерлер де іздеу шараларының басы-қасында болып, жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмысты ауыл тұрғындарымен ұйымдаса атқарды»,-дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Бауыржан Оразғалиев.

Іздеу жұмыстарына табандылықпен кіріскен бүлдіршіннің туысы, жергілікті мал дәрігері Серікбек Қожырақаев пенТұрысбай Мұхадір есімді азамат бірнеше күн далада адасып, қарны әбден ашып,тоңып қалған баланы тауып алады.

«Сол кездегі жағдайымды сөзбен жеткізу мүмкін емес шығар. Кішкентай жиенімді қол-аяғы бүтін, тірідей тауып алғанымда ағыл-тегіл жылап, тізерлей кетіппін. Бірнеше күн бойы ауа райы да бұзылып, жаңбырлатып, салқындап кеткен еді сол кезде.

Үмітіміз бен күдігіміз қатар жүріп, іздеуді жалғастыра берген едік. Үмітімізді үздірмей, қолдау көрсетіп, іздеу жұмыстарына атсалысқан жерлестерімнің барлығына алғыс айтамын,-дейді тебіренісін жасыра алмаған Қаршығаның нағашысы Серікбек.

2 қыркүйек күні күндізгі сағат 11-лер шамасында табылған бала бірден жергілікті дәрігерлердің қарауына беріліп, Қаршыға екі күннен соң үйіне шығарылды.

«Ауруханаға түскен кезде баланың бойынан суық тию, жарақат сияқты ешқандай сырқаты анықталмады. Мамандар тек тамақ ішуін қадағалап, денсаулығына бақылау жасады. Жағдайы қанағаттанарлық күйде үйіне шығарылады,-деді аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ләйлім Шоқаева.

 

 

 

Бөлісу11Твит7
Алдыңғы лауазым

Шымкентте 12 жыл дегенде бала көтерген әйелдің бойынан 50 шақты тас шықты (фото)

Келесі лауазым

Айырбастау пункттерінде доллар 373 теңгеден сатылып жатыр

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Жалғызбасты үшемнің анасы бүгінде Тараз қаласында пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Депутаттың ант қабылдау рә Депутаттың  ант қабылдау рәсімінен кейінгі жағдайы...
Жанболат Мамайды қолдайсыз Жанболат Мамайды қолдайсыз ба?
2 жылдай уақыттан бері қазақ әйелі бұрынғы күйеуінің қолында отырған қызын қайтара алмай жүр. Туған анаға өз баласына көзімен қарауға да рұқсат берілмейді. ⠀ Бір күн бұрын әйел тіпті біздің полиция қызметкерлерінің кейбір адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсы дәрменсіз екендігі туралы кадрларды жариялады. Біз заңды жағдайда өмір сүретінімізге сенімдіміз бе?
Бүгін Парламент Мәжілісіні Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді.
⠀
10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі керегін айтқан болатын.
⠀
Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.
⠀
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туды. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. 2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.
Ауырсаңыз осындай емшіге барасыз ба?
Nur Otan партиясы Алматы мәслихатына 29 депутат тізімін ұсынып, оны аумақтық сайлау комиссиясына жіберді.

 Мәслихатқа Nur Otan ұсынғандардың арасында бокстан Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, кәсіпкер, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, “Отбасы банк” басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, Nur Otan-ның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров, “Алматы ақшамы” газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, кәсіпкер,«Q3 Worldwide» инвестициялық холдингісінің бас директоры Қайрат Құдайберген бар.

Мәслихат депутаттарының тізімінде қаладағы аурухана жетекшілері де жүр. Атап айтқанда, №5 қалалық аурухананың бас дәрігері Болат Садықов, қалалық кардиология орталығының бас дәрігері  Алмат Қодасбаев 29 депутаттың тізіміне енген.
Билік партиясы Алматы қаласының мәслихатына ұсынған тізімдегі адамдардың орташа жасы – 43.

 Тізімдегілердің 31 пайызы әйелдер. Мәслихатқа кандидаттардың 24 пайызы жастар.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.