Воскресенье, 26 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Түркістан облысында 200-ден астам оқушы орамал шешуге келіспей, мектепке бармай отыр

Білім ошағының басшылығы оқушылардың ата-аналарымен талай мәрте түсіндірме жұмыстарын жүргізсек те, райларынан қайтара алмаудамыз дейді.

06.09.2018
0
Түркістан облысында 200-ден астам оқушы орамал шешуге келіспей, мектепке бармай отыр

“Фердауси” атындағы мектепте әлі күнге хиджап дауы басылар емес. Аймақтағы барлық білім ошағында алғашқы қоңырау соғылып, сабақ басталып кетсе, бұл мектепте әлі күнге орамал мәселесі жыр болып жатыр, деп хабарлайды Евразия бірінші арнасы.

Мәселен, күні кеше мектепке орамалмен келген жоғары сыныптың бірнеше оқушы қызы сабаққа кіре алмай қалған. Олармен бірге 20 шақты ата-анасы да қыздарын мектепке кіргізуді талап еткен. Екі жақты айқай шудан кейін бұл іске полиция араласқан. Сөйтіп, ата- аналар бірер сағаттан соң ғана тарқады.

«Ол жерде біз баланың құқығын таптағанымыз жоқ. Ата аналарға 17 рет түсіндірілді. 2 рет ескертпе хат қолдарына берілді. 1 рет поштамен берілді. Тамыз айынан бері 12 рет жинадық. Ата аналарын түсіндіріп жатырмыз, жоқ!»- деді А.Фердоуси атындағы мектептің директоры Жанар Мамырова.

Осылайша, мектеп директоры оқушы қыздардың орамалын шештіре алмай жүр. Былтыр осы мәселе бойынша ата-аналармен талай мәрте жиналыс өткізіліпті.

Білім министрінің мектепте қандай да бір дінді насихаттайтын киім киюге тыйым салынғаны жайлы ережесі дүркін-дүркін түсіндірілген. Бірақ, баяғы жартас сол жартас. Биыл 372 оқушының тек, 80-ні ғана шешіпті орамалдарын. Қалғаны қасарысып, үйлерінде отыр екен. Сабаққа да келмепті. Бұл жағдайды мектеп әкімшілігі хаттама түзіп, облыстық білім саласын бақылау департаментіне тапсырдық дейді.

Дегенмен, кейбір ата-ана мұғалімнің талабын дұрыс түсініп, қызының орамалын шештіріпті. Сөйтіп, мектепке кіруге рұқсат алған. Ал, заңға бағынбағандарға білім ұясының есігі тарс жабық. Мұны ауыл тұрғыны Тіллә ақсақал да дұрыс түсініп отыр.

Жалпы, Фердауси мектебінде 372 оқушы қыз бар. Олардың 203-і жоғары, қалғаны бастауыш сыныптарында білім алады екен. Мектеп басшысының сөзінше, бастауыш сыныбындағы қыздардың барлығы орамалдарын шешкен.

Енді жоғары сыныптың оқушы қыздарымен жұмыс істеп жатыр. Ал осы мәселеге қатысты пікір білдірген Білім және ғылым министрі жақын күндері ол ауылға арнайы жұмыс тобы барып, ата-аналармен жүздеседі.

«Әкімшілікпен бірлесіп, оның ішінде жергілікті атқару органы бар, арнайы органдар бар сол бәріміз бір комиссия құрып, сол мәселемен айналысатын боламыз»- деді ҚР Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

 

Бөлісу7Твит5
Алдыңғы лауазым

40 астам қызметкер жұмыстан қуылды: Павлодар облысының балабақшасында шу шықты

Келесі лауазым

Ақмола облысында 15 мың тұрғыны бар елді-мекенде небәрі 2 дәрігер жұмыс істейді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    41 бөлісу
    Бөлісу 16 Твит 10
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.