Среда, 10 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қауіпті ойыншық: Өскеменде қуыршақпен ойнаған балақай уланып, ауруханадан бір-ақ шықты

Ойыншықты жіті тексерген мамандар оның құрамынан мөлшерден 160 есе көп формальдегид пен фенол анықтады.

07.09.2018
0
Қауіпті ойыншық: Өскеменде қуыршақпен ойнаған балақай уланып, ауруханадан бір-ақ шықты

Қауіпті ойыншық елге ресейлік сертификаттармен әкелінген екен. Алайда, тексере келе оның Қытайда жасалғаны анықталды. Қыз балалар соңғы кездері қолынан тастамай ойнайтын ЛОЛ қуыршағының өзінен ғана емес, сыртындағы қағаз қорабына дейін улы химикат табылды. Мөлшерден тыс улы химикат бүлдіршіннің терісі арқылы қанына сіңген.

Бұл жағдайдан соң мамандар дереу ойыншықтарды дүкен сөрелерінен алдыра бастады. Яғни, сырттан келген балалар тауарының сапасы жіті қадағаланбаған боп шықты. Ол тұрмақ, ойыншықтар жалған сертификаттармен сатылған. ЛОЛ қуыршақтарын сатқан дүкен иелеріне  жаппай 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Десе де, қоғамдық денсаулықты қорғау мамандары импорттық тауардың өндірушілерін де жауапқа тартуға шақырды.

Айта кетйік, ЛОЛ ойыншықтары 3 жастан асқан қыз балаларға арналған. Әрі топтамасымен сатылады. Ал әр сериясында жүз түрлі қуыршақ бар.

«ЛОЛ қуыршағының әрбір бөлшегін тексердік. Шарын, сыртындағы қорабын, ойыншық сөмкесін. Қуыршақтың өзінде фенолдың 60 есе көп мөлшері табылды. Ал шарында 160 есе көп қауіпті зат табылды. Тауардың бір партиясы саудадан алынды. Әрі қарай да шара қолданатын боламыз»,-деп  Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бөлім жетекшісі Алена Кравченко мәлімдеді.

Бөлісу13Твит8
Алдыңғы лауазым

Қазақстандықтар әлемнің ең жалқау халықтары тізіміне енді

Келесі лауазым

Алматы тұрғыны жанып жатқан пәтерден екі баланы алып шықты

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.