Пятница, 1 июля, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қылмысымды мойындаймын: «Алтын белгі» иегері оқушыны қалай өлтіргенін айтты

Ақтөбеде адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынған  “Алтын белгі” медалінің иегері Бекназға қатысты сот ісі  басталды

10.09.2018
0
Қылмысымды мойындаймын: «Алтын белгі» иегері оқушыны қалай өлтіргенін айтты

Сот отырысында «Алтын белгі» иегері  Бекназ орын алған оқиғаны өз нұсқасымен айтып берді.

“Мен Азатты өлтірмек түгілі, оның денесін зақымдағым да келмеді. Өз қылмысымды мойындаймын, бірақ мен адамды қасақана өлтіруге ниеттенетін азамат емеспін”, — деді ол.

Бекназдың  сөзінше, 25 мамыр күні олар сыныптастары және ата-аналарымен бірге арнайы демалыс орнына барып, сол жерде мектеппен қоштасу кешін тойлаған. Демалыс орнында қаладағы басқа да мектептердің түлектері  болған.

Екі күннен кейін Бекназға  әлеуметтік желі арқылы Азаттан хабарлама келеді. Бекназ демалыс орнында Азаттың аяғын басып кеткен екен.  Алайда күдікті  одан кешірім сұрағанымен, марқұм  оған боқауыз сөздермен жауап қайтарады.

15 шілде күні Азат пен Бекназ “Алтын белгіні” иеленген түлектерді мараппаттау кешінде кездеседі. Ұлдар арадағы мәселені оңашада шешкенді жөн көреді.

17 шілде күні Бекназдың ата-анасы Мұғалжар ауданына, тойға кетіп қалады. Кешкісін ол қыздармен және досымен қалада қыдырып жүрген. Олар Түргенев көшесінен өтіп бара жатқанда, бір топ балаларды көреді. Олардың арасында Азат та болған.

Ол Бекназды оңашада сөйлесуге шақырған. Екеуі жатақхананың артына қарай барған. Төбелес кезінде Азат Бекназдың анасы жайлы боқауыз сөз айтқан көрінеді. Сол сәтте күдікті соққыдан екі бүктеліп қалған. Қалтасынан пышақ  түсіп қалған.

Эмоцияға берілген Бекназ пышақты қолына алады, бірақ ары қарай не болғанын білмейді. Бекназ  досымен бірге такси ұстап, оқиға орнынан кетіп қалған. Келесі күні ол Азаттың ауруханада көз жұмғанын естіген.

Сотта марқұмның әкесі Азаттың апа, атасының қолында тәрбиеленгенін айтты. Ол — төрт баланың үлкені.

“Азат өте жақсы тәрбиеленген. Ашық мінезді еді. Өлгеннен кейін кез келген адам жайлы түрлі нәрсені айтуға болады. Менің ұлым боқауыз сөз айтқан жоқ және дауды бастаған жоқ. Азат көшеге сирек шығатын. Футболға қызығатын. Сол күні ол достарымен бірге футбол көруге кеткен. Матчтан соң ұлыма қоңырау шалдым. Тұтқаны басқа бала көтеріп, Азатты біреу пышақтап кеткенін айтты”, — дейді Азаттың әкесі.

Естеріңізге сала кетейік, 19 мектептің түлегі Азат Дүсүпов 17 шілде күні “Ақтөбе”- “Ордабасы” командаларының кездесулерінен кейін қайтыс болды.

Оны өлтірді деп айыпталатын Бекназдың жасы 17-де еді. Бірақ  ол 18 жасқа толған күні кісі өліміне қатысты айыпталды. Бекназды жасқа жеңілдік жасамайтын арнайы сотта соттап жатыр.

Бөлісу12Твит7
Алдыңғы лауазым

"Мисс Алматы-2018" байқауының жеңімпазы белгілі болды (фото)

Келесі лауазым

Елордалық жігіттер өзінен бірнеше жас үлкен бойжеткендерге үйленуге ынтық

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    61 бөлісу
    Бөлісу 24 Твит 15
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.