Бұл қуанышты хабар туралы әнші кеше өзінің желідегі парақшасында бөліскен еді.
“Сүйінші ағайын! АЛЛАҒА сансыз шүкір, бұйыртса Абай Ата болдым! Баршаларыңызға жұғысты болсын!”- деп жазды Бегей өзінің парақшасында.
Оқырмандарына қуанышымен бөліскен Абай Бегейді желі қолданушылары жарыса құттықтап, сәбиге ұзақ ғұмыр тілеуде.
Айта кетейік, әнші тұңғыш қызын өткен жылы ғана ұзатқан болатын.