Пятница, 22 января, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Халал аяқ-киім: Елімізде “халал” белгісі бар қызметтердің артықшылығы неде?

Бұрын бұл сөз – шұжықтың сыртына, ет өнімдерінің тысына ғана шапталушы еді. Қазір, шұжықты қойшы, халал су, халал фитнесс, халал сауна дегендер қаптап алды. Бұның басты себебі не?

10.09.2018
0
Халал аяқ-киім: Елімізде “халал” белгісі бар қызметтердің артықшылығы неде?

Қазір кімнен сұрама, халал жайлы саған молдадан артық түсіндіріп бере алады. Жаппай халал-танушы болып кеткеніміздің бір пайдалы да тұсы бар екен. Бұл туралы Евразия бірінші арнасы жазды.

Мысалға, моңғолдар мыңғырған малын араб, иран жұртына сату үшін, қазақтан қасапшыларды сайлап жатыр. Ол, ол ма?! Тауықты қуырып беретін әлгі, әйгілі фаст-фуд бар емес пе?! Олар, Шымкенттің 30 жігітін арнайы алдыртыпты. Конвейрден келіп жатқан тауықтарды бісміллә деп сойып отырады. Соның еттері Қазақстанға келеді екен.

Осылайша,  «халал» сөзі қазір  шариғат шартынан бұрын, брендке айналып барады. Дәлел?! Көп кәсіпкер, жейтінге де, жемейтінге де әлгі жазуды шаптап жатыр, қаптап жатыр. Жемейтін дегенде былай ғой: Халал сауна, Халал шаштараз, халал аяқ-киім дегендер шығып кетті.

«Халал тамақ дегенді түсінемін, ал енді халал қызмет, халал стамотология дегенде, басқа стамотолигия харам ба?» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан.

Адалынан сөйлейтін, халалынан ғана ас-су ішетін депутаттың өзі түсінбей дал. Жарайды, тіске салар дәрілері табиғи шөптен жасалған шығар? Содан халал стамотология атанған болар?! Моншасы мұсылмандық әдепте шығар. Оны да түсіндік. Ал енді, халал аяқ киім деген не?!

«Халал сөзін қолдануымыздың 3 концепциясы бар. ол адал баға, адал сапа және таза былғары. Қазіргі жастардың аяғынан жағымсыз иіс шығады. Түрлі грибоктар көбейіп кетті. Соның бәрі осы шошқа, жылан терісін қолданғаннан болады. Ол терілер аяқпен тікелей контактқа түседі. Содан, ол терілерден адамның терісіне әсер етеді» –  дейді сатушы Бақтан Бағдадұлы.

Халал сөзін бей-берекет әр жерге тықпаштау енді тиылатын шығар? Себебі, адал индустрияны мүфтият өз қолына алып жатыр, минитрлікте соған бар жағдайды жасауда. Енді, ешбір балабақша, қонақ үй, мектеп немесе колледж, такси қызметіне және тағы басқаларына халал, харам үкімі үлбіреп тұрмайды. Халал енді  тек тамақ өнімдеріне ғана беріледі. Ал қызметті адал еткіңіз келсе, сол имам-молдалар шарт-талабын айтып, көмек бере алады.

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Әншілер онсыз да аз: Салық төлеуден қашатын отандық шоу-бизнес өкілдері өз жанайқайын жеткізді

Келесі лауазым

Семейде қайтыс болған адаммен қоштасуға арналған ғимарат пайда болды (фото)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    5 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    2 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Айнұр Тұрсынбаеваның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото)

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Керемет!Бірақ, мықты маманд Керемет!Бірақ, мықты мамандардың өзге елге қызмет етіп жатқанына қалай қарайсыз?

Әсел Робертс (Төленова) есімді қазақ қызы АҚШ президенті протоколы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ақ үйдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әсел 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. Джорджтаун университетінің түлегі, Әсел АҚШ президенті протоколында 15 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қазақ, орыс және жапон тілін меңгерген.
Сіздің шынайы мінезіңіз қандай екенін анықтайтын психологиялық тесттен өтіп көріңіз.

Сіздің шынайы мінезіңіз қандай? Бұл сұрақ өзгелер түгілі өзіңізге де қызықты болуы мүмкін. Егер білгіңіз келсе, ішкі жан-дүниеңіздің есігін қағып, жүрек түкпірінде жатқан қалауыңыз бен шынайы бет-бейнеңізді анықтап көріңіз. Алдымен  сіз қай есікті таңдар едіңіз?

Көп ойланбастан көзіңізге бірден түскен, және өзіңізге ұнаған төмендегі суреттегі есіктердің бірін таңдаңыз.

Комментарияға қай есікті жаза өтіңіз. Жауап Историяда.
Соңғы кезде қатыгездер көбейіп кетті ма қалай өзі?
Мен 8 жылдай түрмеде отырдым. Қазір небір “You tube батырлары” бар ғой. Сотталған соң 1-2 айдан кейін шығып алады. Немесе 1-2- жыл түрмеде отырған соң көзқарасы өзгеріп кетеді. Желіде батыр болып отырады. Мен жалғыз адамдық камерада 4 жыл отырдым. 7 жыл түрмеде болдым. Аяғымыз сынды, қолымыз сынды. Туберкулезбен ауырдым. Өмір бойына бас бостандығымнан айыру жазасына кесілдім. Маған Дариға Назарбаеваға хат жаз деп кеңес бердім. Мен ешкімге хат жазған жоқпын. Мен Аллахтың қалауымен шықтым. Егер маған біреу көмектессе, 7 жыл түрмеде отырам ба?”, – деді Дикий Арман.

Дикий Арман сіз үшін батыр ма ?
Көпшіліктің қалауы орындал Көпшіліктің қалауы орындалды🙌🙌🙌
Бұл кісінің іскерлігіне кім қандай пікірде? Алдағы уақытта спорт пен мәдениет саласынан қандай өзгеріс күтесіз?

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.