Среда, 10 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қорғай алмаса, қолымызға қару берсін: Денис Тенннің өлімінен соң қоғам белсенділері осындай бастама көтерді

Қоғам белсенділерінің сөзінше, заматтарымыздың қолына тапанша берсек, көшедегі оқыс шабуылдар мен қылмыс азаяды. Ал ішкі істер министрлігі болса, тұрғындарды қорғауға қауқары жетпейді

10.09.2018
0
Қорғай алмаса, қолымызға қару берсін: Денис Тенннің өлімінен соң қоғам белсенділері осындай бастама көтерді

Азаматтардың жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қару ұстау мәселесі соңғы уақытта жиі айтылып жүр. Денис Тенннің қапыдағы қазасынан соң, алматылық қоғам белсенділері тұрғындарға қорғаныс құралы ретінде травматикалық қаруға рұқсат етілсін деген бастама көтерді.

«Ішкі істер министрлігінің халықты қорғау үшін жасап жатқан амалдарының пайдасы аз екенін көріп отырмыз. Денис Теннің қазасы соның бір ғана айғағы. Көшедегі қарақшылық, тонау, ұрлық тыйылмай тұр. Үйде де, түзде де өзімізді қауіпсіз сезіне алмаймыз. Полиция бізге 100 пайыз қорған бола алмай тұр. Сондықтан, заңға бағынышты азаматтарға бұрынғыдай травматикалық қару ұстауға рұқсат берілсе екен дейміз»,- дейді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ерлан Смайлов.

Әлбетте, бұл қаруды кім көрінгеннің қолына бере салу деген сөз емес. Тапаншаны алудың ережесі заңмен бекітіліп, Ішкі істер министрлігі лицензия беру жағын жіті қадағалауы керек, дейді қоғам белсендісі.

Ал, заңгерлер болса, халықтың қолына емін-еркін қару беру идеясын мүлдем қолдамайды. Қару ұстау керісінше, үлкен қауіптің көзіне алып келеді,- дейді.

Халық арасында жүргізген сауалнама да біздің қоғамның қару ұстауға дайын еместігін аңғартты. Тұрғындар бір ауыздан қалтаға тапанша салып жүрудің қажеті жоқ деген пікір білдірді.

Дегенмен алматылық қоғам белсенділерінің ұсынысы қабылдануы мүмкін. Бұл мәселе қазір Ішкі істер министрлігінде қаралып жатыр екен. Нақты шешім жақын арада жария етіледі.

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі қызметін босатты 

Келесі лауазым

Жаңа сыпырғы басқаша сыпырады: Экс-әкім Әсет Исекешовтың жаңа қызметі туралы халық қалаулары не дейді?

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.