Понедельник, 15 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қырғызстанда өткен көкпарға байланысты қатаң сынға ұшыраған Бекболат Тілеухан елдің уәжіне жауап берді

Бекболат Тілеухан осы уақытқа дейін бөлінген 200 миллион теңгенің қайда жұмсалғанын түсіндіріп берді

10.09.2018
0
Қырғызстанда өткен көкпарға байланысты қатаң сынға ұшыраған Бекболат Тілеухан елдің уәжіне жауап берді

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан бүгін Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысына орай баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында соңғы 2-3 күнде әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан көкпаршыларға қатысты мәселеге байланысты сұраққа жауап берді. «Біздің ересектер құрамасы барған жоқ (Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына — авт.) Алдыңғы ересектер құрамасы барған кезде біздің көкпаршылар екінші орын алып қалған. Үнемі ұтылуда болды.

Сондықтан, жалпы көкпаршылармен, осы саладағы мамандармен ақылдастық. Бұл Азия немесе Әлем чемпионаты емес, бар болғаны фестиваль ғой. Біз бұл додаға жастар командасын салдық. Жастар да додаға түсіп, сол сыннан өтуі керек.

Қырғызстанда ойнаған Қазақстанның жастар командасы. Мақсатымыз орындалды. Барды, ойнады, өте жақсы дәрежеде өнер көрсетті деп ойлаймын», — деді Бекболат Тілеухан.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті әлеуметтік желідегі пікірлерге қатысты ойын жеткізді. «Спорт болғаннан кейін біреу жеңеді, біреу жеңіледі.

Ересектерді жіберсек, жеңіп тұрғанымыз анық. Енді жастарда кіріспей ме!? Біздің жетекші ретінде алдымызға қойып отырған негізгі мақсат бар — бұл әділдік. Қазақстанның жеріне кеп ойнағанда, аударыспағыңыз болсын, көкпарыңыз болсын — әділдіктен бір сантиметр тайған жері жоқ.

Өйткені, қалыптасу кезеңіндегі ойын болғаннан кейін басталмай жатып, әділетсіздікке баратын болсақ, берекесі кетіп қалады», — дейді ол. Бекболат Тілеухан сонымен қатар, «Ұлттық спортқа қаншама ақша бөлінді» деген сұраққа жауап берді.

«Ашығын айтайын, осы уақытқа дейін 200 миллион теңге бөлінді. 40 пайызға жуығы жүлде қорына кетті. Оны білу қиын емес. Жеңіс тұғырында тұрған спортшылар қолына сертификатты ұстап тұр ғой. Сонда санап алсаңыздар, сол соманың 30-40 пайызы шығады», — дей келе Бекболат Тілеухан осы уақытқа дейін ұлттық спорт түрлерін өркендетуге үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

Айта кетсек, осыған дейін Қырғыз Республикасында өткен ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алған болатын. Сондай-ақ, қазақ көкпаршылары аталмыш ойындарда өзбек спортшыларынан жеңіліп, қола медальды місе тұтқан еді.

 

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Жан Ахмадиев: Қыз болмай шыққан әйелді бірден үйіне қайтару керек (видео)

Келесі лауазым

Мейрамханаға қымбат көлікпен кіріп келген жас жұбайлар жұрттың сыңына ұшырады (видео)

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.