Воскресенье, 26 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Бізге осындай адам керек: Мемлекет басшысы Әсет Исекешевке жаңа қызметті сеніп тапсырды

Бүгін Астанада президент әкімшілігі басшылығының қатысуымен жиын өтіп,  елбасы Әсет Исекешевті жаңа қызметімен таныстырды 

11.09.2018
0
Бізге осындай адам керек: Мемлекет басшысы Әсет Исекешевке жаңа қызметті сеніп тапсырды

Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев президент әкімшілігінің экс-басшысы Әділбек Жақсыбековтің атқарған сүбелі еңбегіне тоқталып, Қазақстан Республикасы мемлекеттілігін құру ісіне белсене атсалысқаны үшін алғыс айтты.

«Көп жылдар бойы менің жанымда жүрген Әділбек Рыскелдіұлы туралы барлықтарыңыз жақсы білесіздер. Ол Астананың бірінші әкімі болды. Әділбек Рыскелдіұлы қандай қызметте жүрсе де, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарады. Оған алдағы уақытта мықты денсаулық, сәттілік тілейміз»,-деді Назарбаев.

Сондай-ақ елбасы президент әкімшілігінің жаңа басшысы Әсет Исекешевті де таныстырды.

«Әсет Өрентайұлы менің көмекшім, министр, вице-премьер қызметін де атқарды. Соңғы екі жылда ол еліміздің бас қаласының әкімі болып, астаналықтардың ыстық ықыласына бөленді. Ол бұл тұрғыда өзінің креативті ойларын әрі өзіндік ұстанымы барын көрсете білді. Бізге қазір дәл осындай адам керек. Ол әкім болған тұста біз «ЭКСПО-2017″ және Астананың 20 жылдығын жоғары деңгейде атап өттік. Әсет Өрентайұлы осы қызметті де абыроймен атқаратынына сенімдімін»,-деді елбасы.

Қазақстан президенті өз сөзінде халықтың әл-ауқатын көтеру әрі экономкиалық өсу тұрғысында президент әкімшілігінің маңыздылығын атап өтті.

«Аппарт алдында маңызды міндет тұр – мемлекеттікбағдарламалар сапасын бақылып, олардың жүзеге асырылуын жіті қадағалау. Ендігі жұмыс өңірлік деңгейде атқарылып жатыр, себебі барлық деңгейдейгі әкімдіктердің қызметін тиімді түрде үйлестіріп, олардың біріге жұмыс жасауына күш жұмылдыру керек»,-деді мемлекет басшысы.

Бөлісу4Твит3
Алдыңғы лауазым

Алматыда террористік акт ұйымдастырған Руслан Күлекбаев  өзіне қол салудың жолын іздеп жүр

Келесі лауазым

Баян Алагөзова шаш үлгісін өзгертіп, көпті тәнті етті (фото)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    41 бөлісу
    Бөлісу 16 Твит 10
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.