“Цесна” корпорациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Цесна» корпорациясы» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы лауазымына сайланды.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының жарлығымен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған еді.
Оның орнына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов тағайындалды.