Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Сұмдық: Алматыда өгей әкесінен қорлық көрген оқушы қыз ауладағы иттермен бірге тамақтанып жүр

Алматыдағы мектептердің бірінде 6- шы сыныптың оқушысы жантүршігерлік жағдайда өмір сүріп жатыр. Өгей әкесі күнде соққыға жығып, бірнеше күннен бері үйге кіргізбей отыр

14.09.2018
0
Сұмдық: Алматыда өгей әкесінен қорлық көрген оқушы қыз ауладағы иттермен бірге тамақтанып жүр

Оқушы қызды үйіне кіргізбей жүрген өгей әкесі ішімдікке салынған екен. Баспанасы кәдімгідей қоқыс полигонына айналғандай. Бұл туралы Евразия бірінші арнасы жазды.

Үйлерінде маскүнемдер жиналып ішімдік ішеді. Одан бөлек, үйге кіріп-шығып жүрген ит пен құстың саны да аз емес екен.

6-сынып оқушысы болса, өзін іздеп келген мұғалімдерін көріп жылап жіберді.

«Мені сатып жібермек болды. Бұл дұрыс емес қой. Үш адам. Анам біліп қойды», — деп жан сырын ақтара бастаған оқушыны әжесі тыйып тастады.

Қыздың анасының айтуынша, ол иттерді бағып күн көреді екен. Ал өгей әкесі болса, полицияның тізімінде тұрған көрінеді. Ал ұстаздар болса, баланың жағдайын көріп, оның мектепке неліктен сасып баратынын енді түсінді. Себебі, оқушының жуынатын жері де жоқ.

Отбасы бұл құлағалы тұрған баспанада отыз жылдан бері тұрады екен. Қалының ортасында орналасқан үй белгісіз себептермен сүрілмей қалған. Бір қызығы, баспананың жан-жағы қазылған ор. Алайда отбасының бұл жағдайын Бостандық ауданы білім бөлімінің бас маманы хабарсыз болып шықты.

«Жоқ біз білген жоқпыз. Біз бәрін бірдей біле бермейміз. Бұл жер санитарлық нормаға сай емес. Қыздың денсаулығына зиян келтіреді. Комиссия арқылы қызды алып кететін шығармыз. Біздің қадағалауымызда болады» — дейді Бостандық ауданы білім бөлімінің бас маманы Николай Хан.

Білім бөліміндегілер отбасына үш күн ғана уақыт беріп, дүйсенбіге дейін үйдегі иттер мен айналасындағы қоқысты тазалауға уақыт берді. Егер олардың талабы орындалмаса, онда 12 жастағы қыз мемлекеттік қамқорына өткізілмек.

Бөлісу10Твит6
Алдыңғы лауазым

Жорабаева өзін талғамсыз дегендерге жауап берді

Келесі лауазым

Қазақстан әлемнің ең бақытсыз елдер тізіміне енді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    44 бөлісу
    Бөлісу 18 Твит 11
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.