Астана тұрғыны құны 70 мың теңге тұратын 12 «Құран Кәрім» кітабын алып кеткен. Одан бөлек өзге мешіттен ұялы телефондарды қолды қылды.
«Сол күні ер адам «Әл-Ғани» мешітінде ұялы телефон ұрлығын жасады. Бірнеше күннен соң кезекті ұрлығын жасау кезінде «Әл-Ғани» мешітінің оқушылары ұстады», – деді Есіл аудандық сотында.
Сот отырысында жәбірленуші мен айыпталушы мәмілеге келді. Сонықтан қылмыстық іс тоқтатылды.