Четверг, 30 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Белгілі журналист ақылы тренинг өткізетін әйелдерді арамза молдалар деп атады

Нәзия Жоямерген: Қыздар, құр сөзге ермей сол тренингке кететін ақшаны отбасыңызға жұмсаңыздар

17.09.2018
0
Белгілі журналист ақылы тренинг өткізетін әйелдерді  арамза молдалар деп атады

Танымал журналист Нәзия Жоямерген желіде елге ақыл айтып, бақытты болудың жолын көрсетемін деп елді кеңесін ақылы тыңдатуға шақыратын алаяқтарды сынады.

«Әлеуметтік желілерде әйелдерге арналған тренингтер қаптап кетіпті. «Бақытты əйел», «Бақыттың кілті», «Давай, бақытты бол!», «Сен неге бақытты бола алмай жүрсің, а?!», «Күйеуің ақымақ болса да, ақылды дей білудің жолдары»,

«Еріншек еркекті еңбекқор етеміз»… Тақырыптары дəл осындай — бір сарында. Ақылы, тегін емес. Қымбат, арзан емес. Бірақ соған әйелдер ағылып барады екен. Тренинг (егер солай деуге келсе) біткесін əлгі ақыл айтқан «кемеңгер» әйелдерге алғыс айтып, суретке түсіп, қолтаңба алып… əбігерге түседі екен кəдімгідей.

Қазіргі əйел, отбасы, күйеу табу т.с.с. тақырыптарға тренинг өткізетіндерге қарасам, «аңқау елге — арамза молда» деген мақал түседі есіме. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Сары әулие, Ақ әулие, Қара әулие, «Бронзовый əулие»  түрлі əулиелер қаптап еді ғой? Солар сияқты қазіргі «тренингөткізгіштер».

Қыз-келіншек достар, босқа желпілдей бермейік. Әркім өз ошағына ие болады. Шаңырақтың шамшырағы — сіздер. Түтіннің түзу шығуы ешқандай тренингке қатысты емес.

Бəрі Сіздерге байланысты: не қаласаңыздар, сол болады. Қымбат тренингтерге шығатын ақшаны бала-шаға, күйеу, отбасыға жұмсаңыз. «Арамза молдаларға» жем болмаңыз.»,- деп жазды журналист Нәзия Жоямергенқызы.

Бөлісу11Твит7
Алдыңғы лауазым

Көпшілік шатасатын мына есепті сіз шығарып көріңізші

Келесі лауазым

Көлік ұрысын тұтқындамақ болған астаналық полицей пышақталды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    55 бөлісу
    Бөлісу 22 Твит 14
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.