Воскресенье, 18 апреля, 2021
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Головкиннің промоутері Альвареспен болуы ықтимал үшінші кездесу туралы айтты

17.09.2018
0
Головкиннің промоутері Альвареспен болуы ықтимал үшінші кездесу туралы айтты

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Fight Hub арнасына берген сұхбатында орта салмақ дәрежесіндегі  Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы үшінші жекпе-жектің өтуі мүмкін уақытты атады.

«Біз Геннадийге ең ыңғайлы кезеңді таңдау үшін барлық нұсқаларды қарастырамыз. Головкин екінші жекпе-жекте де әлдеқайда мықты болды деген ойдамыз. Менің раундтар бойынша есебім 8:4 болды. Алайда осы жолы Альвареске мін тағудың маңызы жоқ.

Олардың жекпе-жекке жоспары мықты болған. Дегенмен, Головкиннің соққылары дәлірек болды деп ойлаймын. Альварес төрешілерді сендіргенімен, біраз күш салуына тура келді. Мысалы, мен Альварестің 12-ші кезеңді жеңгенімен келіспеймін.

Головкин бокстасуын жалғастырады. Желтоқсанда, көктемде, тіпті мамырда жұдырықтасуға дайын. Егер Альвареспен үшінші кездесу өткізуге келісетін болсақ, мамырда болуы ықтимал. Геннадиймен, Оскармен (Де Ла Хойя) және Эрикпен (Гомес) отырып, үшінші кездесуді қай уақытта өткізу тиімді екенін ақылдасамыз.

Немесе басқа бағытта кетуге шешім қабылдаймыз. «Дегенмен Альваресті мойындауға тура келеді. Ол шегінгісі келмей, алға жылжыды. Басқасын білмеймін, бірақ мені таңғалдырды. Мен оны қорғану стилінде жұдырықтасады деп ойлағанмын.

Алайда бұл стиль Головкинге көбірек ұнайды. Дегенмен, Головкин еш ұялмайды. Керемет жұдырықтасты. Шешімге қарсы келетін ойымыз жоқ, үкімді құрметтейміз. Алайда Головкин біз үшін чемпион болып қала бермек.

Өздеріңіз байқағандай, екінші кездесу алғашқыдан әлдеқайда жоғары деңгейде өтті. Үшінші айқасты тамашалаймыз деген ойдамын», – деді Т. Леффлер.

 

 

 

Бөлісу4Твит3
Алдыңғы лауазым

Төреғалидің өзінен жасы үлкен өнердегі ғашығының кім екені анықталды

Келесі лауазым

Танымал отандық тележүргізуші 42 жасында отау құрды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 2
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    8 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    4 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әпкеге, әпшеге, апаға арналған өлеңдер мен құттықтаулар, арнаулар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Мұсылманша түс жору

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • 4 айлық сәбидің дамуы: сәби жақындарын танып, қозғалып ширай бастайды

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Үш айлық баланың физикалық, психологиялық дамуы, бойы мен салмақ өлшемдері

    1 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
+77021152981
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Инстаграм

Қазақстанда тұрып, мемлекетті құраушы ұлттың тілі мен дінін, салтын сыйламауды, сыйламайтындарды  не және кім деп атаймыз?
Қазнетте Африкада аң аулап Қазнетте Африкада аң аулап жүрген азаматтардың видеосы кеңінен таралуда. Кадрларда олардың қазақ тілінде еркін сөйлеп жүргенін байқауға болады. Жануарларды аяусыздықпен атып алып жүрген ер адамдардың қатыгездігін көрсеткен видео желі қолданушыларының ашуына тиді. 


Аталған видео YouTube желісіндегі Silk Road Youtube арнасында пайда болды. Онда олардың сафариде аң аулап жүргені байқалады. 
Қолында  мылтығы бар азаматтар, алдымен жирафты атып, кейін зебраны көлікке салып жатады. 

Ол аздай видео соңында олар жабайы буйволды жергілікті халыққа сойғызғанын көруге болады. 
Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді. 
"Біздің отандастырымыз экзотикалық жануарларды аулап жүрген видеоны көргеннен кейін, шыны керек, көңіліп құлазып, жаман әсерде қалдым. Білуімше, видео Африкада түсірілген. Мен мұны адамдар мәдениетінің ең төмен көрсеткіші деп білемін.
 Жалғасы төменде
"Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінд "Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінде Аяжан Еділова жерленді. Көңілді, белсенді, табанды, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні қылмыскердің құрбаны болды.

 Туыстары Аяжанның денесін мырыш табытқа салынған күйде алды. Орны толмас қаза, иманды болсын", - деп жазды Дина Таңсәрі. 

Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазғанбыз. Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды.  Алматы полициясы күдіктіні - Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады. Полиция пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.
Қазақ поэзиясы қара жамылды!  Дүние — жалған, ажалдың атқан оғынан қырық жыл қашып Қорқыт бабамызда құтыла алмаған екен. Енді міне, Алаштың ардақтысы, бүгінгі қазақ поэзиясыны көш басы, нағыз ақын — 
Есенғали ағамыз бақилық болды.

Мына шалдар кетеді ертең, дау бар ма?
Біз өзіміз айналамыз «тауларға».
Мейірхандар қартаяды қудай боп,
Есенқұлға ақсақалдық ауғанда.

Мүлде бөлек ұлысы да ұраны,
Ойхой, шіркін, ел боламыз мұралы.
Өтежандар шығады ертең бізден де,
Енді, әрине, өзгелер де шығады.

Шығады өрге жүйріктер мен жабылар
Бүркіті бар,
Жапекеңі тағы бар,
Өзіміздің Олжасымыз болады,
Бір Олжасқа бір тәржіман табылар.

Бүгінгі күн Қадекеңде тұрған бақ
Ауысайын қайсыңа деп жүр барлап.
Н. Рубцов болам дейді Аманхан,
Сонда біздің Тоқашымыз кім болмақ?

Қазірден-ақ шаруасына тас, мығым,
Сейтқұлдар шығар, бәлкім, бастығым.
Байбота шал отырады балконда,
Қай пәтерде калды екен деп жас күнім.

Өрекпімей, байқай шабар ма екенбіз,
Өрге қарай шайқай салар ма екенбіз?
Қырық жастан асқаннан соң біздер де
«Атақ бер» деп айкай салар ма екенбіз?

Ұсақ емес, сақалар ма екенбіз,
Атан бермей, ат алар ма екенбіз?
Қазақ үшін жан қинамай жүріп-ақ,
Қазақ жазушысы атанар ма екенбіз?

Мұрагерің біз боламыз, жарық күн,
Сен де бізге басқа емессің, ғаріп түн.
Қасиетің де, қасіретің де – еншімде,
Қара өлеңі қазақ деген халықтың.

Әңгіме ме, болмас, бәлкім, болар шен,
Туады өлең – сене бергін, оған сен.
Жұлдыздардай самсап өлі тұрамыз,
Жұлдыздардай сирейміз біз содан соң…

Содан соң ба?
Күледі жел жындана,
Күрсінеді жасыл қала, гүл қала.
Содан кейін… отырады ойланып,
Біздер жайлы өлең жазып бір бала…
 
Есенғали Раушанов
Алматы, Қонаев пен Мақатаев Алматы, Қонаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысы. Видеоны жолдаған қала тұрғынының айтуы бойынша, мына азаматтар  қоғамдық көліктерді вирустан залалсыздандырумен айналысады. Жұмысшылар  есірткі пайдаланғандықтан жол бойында өздерін басқара алмай тұр.
Өзбекстанның Наманган облы Өзбекстанның Наманган облысындағы каналда із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, 5 сәуірде Мамадалиев С.А. деген азамат қызының жоғалып кеткенін айтып, аудандық прокуратураға шағымданған.

Іздестіру кезінде, келесі күні "Катта Наманган" каналынан оқушы қыздың денесі табылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 5 сәуірде таңертең қыздың 1999 жылы туған жеңгесі қайын сіңлісін мектептен алып, ағып жатқан каналға итеріп жіберген. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.