Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Шымкентте 3 жасар балақай сушиден ажал құшты

Шымкентте үш жасар қыз өлгеннен кейін дәмханада тексеріс жүргізіліп, бүгін нәтижесі белгілі болды

18.09.2018
0
Шымкентте 3 жасар балақай сушиден ажал құшты

Марқұм бүлдіршіннің анасы ғаламтор арқылы алдырған суши мен пицца құрамынан микроб табылғанын айтты. Аталған микроб ішек таяқшаларында кездесетін бактериялардың протей атты түріне жатады екен.

«Зиян шеккендер кешкі уақытта интернет арқылы тамаққа тапсырыс берген. Біз осы тапсырысты орындаған дәмхананы тексердік. «Филадельфия» сушиі жасалған азық-түліктің құрамында ішекте жайылатын бактерия бары анықталды», — деді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі.

Сондай-ақ, микроб балада ғана емес, ананың қанынан да табылыпты. Мұнымен қатар, мамандар үш жасар қыз тамақтанған дәмхананы да тексерді. Бактериялық зерттеу жүргізу үшін пиде, сүт пен бананнан жасалған көктейль және ет алынған еді. Бұл тағамдардың құрамы таза болып шықты. Кейін осы дәмханада жұмыс істейтін бес қызметкерде стафилококк бактериясы бары белгілі болды. Қызметкерлердің екеуі — аспаз, қалғандары — аспаз көмекшісі, ыдыс жуушы және кондитер.

Департамент аталған дәмханада жұмыс істейтін 15 қызметкер және суши мен пиццаны тиісті жерге жеткізіп отыратын 3 адам жұмыстан шеттетілгенін айтты. Олардың медициналық кітапшалары болмаған екен.

Сондай-ақ, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге міндеттелді. Тексеру жұмыстарының нәтижесі ішкі істер органдарына берілді. Дәл қазір тәуелсіз сарапшылар Шымкенттегі инфекциялық ауруханада тексеріс жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде үш жасар қызының дәмханаға барғаннан кейін қайтыс болғаны туралы жазды. 9 қыркүйек күні таңертең анасы мен баласы тоқтамай құсқан.

Әйел аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды, ал қызды дәрігерлер аман алып қала алмады. Осы жағдайдан бір күн бұрын анасы мен қызы дәмханада түскі ас ішіп, кейін ғаламтор арқылы суши мен пиццаға тапсырыс берген.

 

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Керемет дауысым жоқ: Отандық танымал әнші бұрын-соңды еш жерде айтпаған мәлімдеме жасады (видео)

Келесі лауазым

Шымкентте бір топ жігіт зорлағаннан кейін екі оқушы жүкті болып қалды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    43 бөлісу
    Бөлісу 17 Твит 11
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.