Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

18 жасында миллионер атанған шымкенттік бойжеткен табысқа жетудің құпиясымен бөлісті

Шұғыла есімді бойжеткен алғашқы кәсібін 17 жасында кішігірім дәмханадан бастапты

19.09.2018
0
18 жасында миллионер атанған шымкенттік бойжеткен  табысқа жетудің құпиясымен бөлісті

Шым қаланың тұрғыны Шұғыла есімді бойжеткен бизнестің алғашқы баспалдағын 17 жасында басыпты. Ол осыдан бір жарым жыл бұрын бірінші дәмханасын, одан кейін ол бастамасы сәтті болғаннан кейін, көп ұзамай тағы екі дамхананы қосып, бүгінде аяғына нық тұрған кәсіп иесі болып отыр.

«Осыдан бір жарым жыл бұрын дәмханамның бірінші сауда нүктесін аштым. Алғашқы ұстаған миллионым сол кезде еді. Бірінші тапқан табыс қашан да ыстық қой, басында керемет әсерде болдым. Кейін барлық шығындарды қарап шыққанымда қуанышым су сепкендей басылды. Бірінші айдан бастап орасан табысқа ие бола кету бизнес саласында мүмкін еместігін түсінген соң аса қатты уайымға беріле қоймады», — дейді жас кәсіпкер.

Арудың жастайынан бизнеске араласыуына ата-анасы себеп болған екен.  Айтуынша, олар отбасымен жеке кәсіппен айналысатын болғандықтан, 14 жасынан бастап кассада тұрып, қоймада жүріп, ақшаның қалай келетінін түсініп өскен.

«Басты көмекшілерім де, кеңесшілерім де, инвесторларым да – ата-анам. Себебі олар да бизнес саласында 10-15 жылдай істеп келе жатқан жандар», — дейді ол.

Шұғыла кәсібін ілгерілету үшін көптеген бизнес тренерлерден сабақ алып отыратынын айтады. Дегенмен берген білімді іске асыру үшін де адамның жеке қасиеттері маңызды рөл атқарады деп санайды.

«Ең бастысы – шыдамдылық керек. Себебі қазір кәсіп ашып, бірден табысқа кенеле қаламын деу – қателік. Кез келген кәсіпке салынған ақша өзін-өзі жаймен өтейді. Екіншіден, қол астыңдағыларға деген сый-құрмет қажет. Олармен арада жылы қарым-қатынас пен түсіністік болуы қажет. Себебі оларсыз жұмыс алға баспайтынын әрбір кәсіпкер түсінуі керек», — дейді Шұғыла Дүйсен.

Бөлісу9Твит6
Алдыңғы лауазым

Жазира әжесінің 97 жасын тойлауға Қазақстандағы 90-нан асқан қарияларды шақырды (фото)

Келесі лауазым

Балтамен ұрды: Қызылордада 13 жыл бойы жолдасынан зорлық көрген келіншек жанайқайын жеткізді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    44 бөлісу
    Бөлісу 18 Твит 11
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.