Среда, 10 августа, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қостанайдағы түрмеде жазасын өтеп жатқан аса қауіпті рецедивист қылмыскер қашып кетті

Қырғызстандық полиция Қазақстандағы колонияда жазасын өтеп жатып қашып кеткен аса қауіпті қылмыскерді іздеп жатыр

21.09.2018
0
Қостанайдағы түрмеде жазасын өтеп жатқан аса қауіпті рецедивист қылмыскер қашып кетті

Қырғызстанның Ош қаласында құзырлы орган қызметкерлері аса қауіпті  қылмыскер Жылдызбек Бекмұрзаевты іздеуде. Белгілі болғандай, ол Қостанайдағы қоныс колониясынан қашып кеткен.

Қылмыскер қарақшылық, зорлау және тонау қылмысы үшін бұған дейін бірнеше рет сотталған.

Ал қазіргі таңда өткен жылы шекараны заңсыз өтіп кеткені үшін жазасын өтеп жатыр. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі қылмыскерді экстрадициялауды сұрайды, бірақ қазақстандық сот оны жарты жылға қоныс колониясына жібереді.

Қырғыздың құқық қорғау органдарының мәліметінше, Бекмұрзаев Қазақстандағы колониядан қашып кетіп, еліне оралып, жаңа ұйымдасқан қылмыстық топ құрған.

Қазақстанның ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыскер колониядан қашып кетті деген ақпаратқа түсініктеме берді. Комитет өкілдері Бекмұрзаевтың Қазақстанда сотталғанын растады, бірақ бір мәселені нақтылап өтті.

«Ол қашып кеткен жоқ. Бұл жазаны өтеуден жалтару болып табылады, яғни ол қоныс колониясынан кетіп қалды. Заң бойынша бұл «жалтару» деп аталады, қашу емес. Жабық түрмеден қашады, ал бұл жағдайда ол жазасын өтеуден жалтарды», — деді Қазақстан ІІМ комитет баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов.

Қырғызстанның тергеу органдарының айтуынша, Бекмұрзаевтың жаңа бандасы биыл мамыр-шілде айларының аралығында адам өлтіріп, тонап, бірнеше қылмыс жасаған. Тамызда Бекмұрзаевтың сыбайластарының бірі ұсталды.

Кеше Ош қаласының шетінде патруль жасап жүрген полиция қызметкерлері Бекмұрзаевқа ұқсайтын ер адамды байқайды. Тәртіп сақшылары одан құжаттарын көрсетуді сұрайды, бірақ бейтаныс адам сөмкесінен қаруға ұқсайтын зат алып шығып, полицейлер жақындаса атамын деп қорқытады. Осыдан кейін күдікті көлікке мініп қашады және соңынан қуған полицейлердің көлігін қиратады. Дегенмен, қылмыскер алысқа қашып кете алмайды, оның «Мерседесі» шалшыққа батып қалған. Сонда да ол берілмей, көлігін тастап, жүгері алқабының арасына кіріп жоқ болады.

Полицейлер алқапты қоршап тастады, қаладан шығатын жолдар қатаң бақылауға алынды.

Бөлісу13Твит8
Алдыңғы лауазым

217 оқушы сабақта болған: Павлодар облысында мектеп өртеніп кетті

Келесі лауазым

Серік Сәпиев ауыл мектептерінде ағылшын тілінен сабақ беріп жүр

  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатын бап алынып тасталды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.