Әулеттерінде болған қуанышты жаңалығымен әнші Гүлнұр Оразымбетова желідегі парақшасында бөліскен.
«Бүгін қазақ еліне белгілі Тұрлыxановтар әулетінің аялаған гүлі Әйгерімді ұзаттық. Бақытты болыңдар!» , — деп жазды әнші.
Өнер иесінің бұл жазбасы желі оқырмандары арасында қызу талқыға түсті. Себебі оқырмандар Тұрлыxановтар әулетінде нақты кімнің қызы тұрмысқа шығып жатқанына қызығушылық танытты.
Сондай-ақ желі қолданушылары бойжеткенге ақ тілегін қарша боратып, жылы лебіздерін жазып жатты.