Желіде беташар тойында келінді өз жұртымен таныстырып тұрған асаба қонақтарды ортада тұрған банкіге ақшаны қайта – қайта салдырып, әбден ұятқа қалдырған.
Оның арасында ақшаны көптеп салған кісіге келінді де бірнеше рет иіліп сәлем салуға мәжбүрлейді.
Көпшілік тойды бұзғысы келмесе керек асабаның ығына жығылып, айтқанын істейді. Болған жағдайды сол тойда болған азаматтардың бірі видеоға түсіріп желіге жүктеген.
Көпшіліктің назарына түскен видеоны тамашалағандар түрліше жори бастады. Той асабасыныңы әдепсіздігіне ашынғандар қатары көп болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тойға барып қонақтарды ашық “тонаған” асаба. Осындай асабаны тойыңызға шақыратын ба едіңіз?