Колумбиялық Альварес өзімен тегі бір “Канело” мен қазақстандық Головкин арасында болған жекпе-жекке қатысты ойын білдірді. Спортшы қарымта кездесуде GGG жеңімпаз болуы керектігін ашық айтты.
“Головкиннің әлдеқайда қуатты әрі жойқын соққылары өз нысанасына жетіп отырды. Сол себепті мен үшін ол – чемпион. Бірақ бокста кейде осындай жағдайлар орын алып тұрады” , – дейді Элейдер Альварес.