Қайғылы оқиға күні кеше Қостанай қаласында орын алды. Облыстық Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, қайтыс болған азаматтың жасы 24-те.
Сондай-ақ Қостанай қаласының тәртіп сақшылары оқиғаға қатысты күдіктіні тұтқындап, уақытша ұстау изоляторына тоғытылғанын хабарлады.
“24 жастағы азаматтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде” , – деп мәлімдеді Қостанай облыстық ІІД.