Четверг, 30 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақтауда бұрыңғы күйеуі үш баланың анасын өлтіру үшін 50 теңгеге адам жалдаған

Айгүл: Мені аңдып, ұрып құлатқан балалар үйінің тәрбиеленушісі барлық жоспарларын айтып берді

30.09.2018
0
Ақтауда бұрыңғы күйеуі үш баланың анасын өлтіру үшін 50 теңгеге адам жалдаған

Ақтаулық келіншек басынан өткен жағдайды айтып көпшілікті қайран қалдырды. Үш баланың анасы жұмыссыз, қызғаншақ әрі мазасыз күйеуімен ажырасуға мәжбүр болғанын айтады. Себебі, соңғы жылдары күнде күйеуінің таяғын жеп, балалары психологиялық қысымда жүрген.

«Алғашында ата-енемізбен тұрдық. Бастапқы үш жылда ешқандай таяқтау оқиғасы болған емес. Себебі, кішкене ұрыс басталса енем араласып, тоқтататын.

Бөлек шыққаннан кейін күйеуім мені қызғана бастады. Өзім банкте істедім, ол қоңырау шалған сәтте көтере алмай қалсам, сол үшін кешке жанжал болатын. Туыстарым Ақтау халқының тәрбиесі бойынша маған тек «шыда, осыны адам қыл» дегеннен басқа ештеңе айтқан емес.

Ол балаларымды әбден қорқытып қойған, қаласа мені аяусыз сабайтын. Оған үйдің дұрыс жиналмауы, тамақтың дәмді болмай қалуы да себеп бола салады. Содан ойлана келе бір күні «Мені ұрып, мүгедек қылып қойса ешкімге керегім болмай қалады.

Балаларды кім асырайды. Өлтіріп қойса қайтемін» деген ойға келдім. Ол адаммен сегіз жыл отастым. Өзгермейтініне көзім жеткеннен кейін үшінші балаға аяғым ауыр болса да ажырасу туралы шешім қабылдадым»,-дейді Айгүл Ілиясова.

Осыдан кейін үш баланың әкесі бұрыңғы әйелін үнемі қорқытумен болған. Тіпті адам жалдап, ұрғызған да.

«Маған тыныштық бермейтін. Мен үш баланы жеткізуге кірісіп, көп жұмыс істеймін. Содан маған күнде хат жазып «Сені өлтіремін. Ұрып соғып, мүгедек қыламын.

Сосын амалсыз маған күнің қарап, қайтып келесің» дейтінді шығарды. Бір күні үйіме келе жатып, ізіме адам түскенін байқадым. Көпқабатты үйдің баспалдағында біреу есімімді атады, бұрылғаным сол еді бетіме ұрып құлатты.

Есімді жиып, полицияға хабарластым. Күдікті ретінде күйеуімді көрсетті. Үш күннен кейін полиция күдікті ретінде балалар үйінің түлегін тауып келді. Ол жоспарларын сол жерде айтып салды. Сонда менің құным елу мың теңге болыпты.

Қызы, сол бойы бұрыңғы  күйеуім жаза арқалаған жоқ. Енді айтарым ол мені өлтірмейінше оған тоқтау болмайды ма? Маған бірдеңе болса балалар не өкіметке, не туыстарға, не әкесіне керек болмай қалады. Маған кім көмектесе алады?»,- деп жылап жіберді үш баланың анасы.

Бұл туралы кәсіпкер келіншек Еуразия арнасындағы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтып берді.

Бөлісу25Твит16
Алдыңғы лауазым

Тараздық жас келіннің анасы: Қызымды енесі пышақтап өлтірді

Келесі лауазым

Cұлтанқызы тұрмысқа шығар алдында өзінен 12 жас үлкен, бай күйеуінің қойған талабын айтты

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    55 бөлісу
    Бөлісу 22 Твит 14
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.