Понедельник, 27 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Түркістан облысында тағы бір оқушы өзін ересектердің зорлап келгенін айтты

Баланың анасы: Мектеп басшылығы мәселені жабу үшін маған ақша ұсынды

02.10.2018
0
Түркістан облысында тағы бір оқушы өзін ересектердің зорлап келгенін айтты

Түркістан облысынан тағы бір даудың шеті шықты. 13 жастағы оқушы өзін жоғары сынып оқушыларының зорлағанын айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

“Жатқызып қойып, дамбалымды шешті. Бағлан бірінші істеді, сосын екіншісі  Жасұлан кереуетіне жатқызып  істеді.  Айқайладым, ешкім естімеді. Коридорға шығып айқайлайын деп едім, ұрып тастады. Айтатын болсаң, быт-шытыңды шығарам деді кейін. Содан айтпай жүрдім”, – дейді оқушы.

Айтуынша, олар өзімен жасты бала мен оның 15 жастағы ағасы. Шайханада 11 жылдық мектеп болмаған соң Жылға ауылындағы мектеп-интернатта оқиды. Ал, жәбір көрген  оқушыны анасы өзіне кінәлі тарап пен мектеп басшылғының ақша ұсынғанын айтты.

“Ойбай,  ауылдаспыз ғой, көршілеспіз, ұят болады деді   интернаттың меңгерушісі мен  мектеп директоры. «Қанша берейік? Осы істі жаба салайық? Бәріміз қазақпыз ғой? Неменеге жан-жаққа жаясың? Жайма!» дейді. Менің баламның өмірі ғой деп ұрыстым оларға”, – дейді баланың анасы Алтынкүл Арапова.

Зорлық оқиғасы былтырғы қыркүйектен басталған. Бала тәрбиеші ағайына айтқан. Алайда ол арыз жазылған күннің ертесі жұмысынан шығып кеткен.

“Жан жақты зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Ондай жағдай болу мүмкін емес деп  бір бөлмеде жатқан оқушылардың өздері айтып жатыр.

Ата-анасымен сөйлестік. Бітімгершілікке шақырдық. Екі жақты табыстыруға бір әрекет жасап көрдік. Бұл іспен қазір полиция айналысып жатыр”, – дейді №12 Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің директоры Талғат Ахметов.

Ал, даулы оқиғадан соң да интернатта тәрбиешілер үш баланы тағы бірге жатқызған. Жәбір көрген бала үлкен дәретін ұстай алмайтындай күйге жетті. Дәрігерлер оның тік ішегіне жара барын айтты.

Оқушы бұл туралы анасына да, ағасына да айтпай келіпті. Тек балалардың бірі азғын әрекетін суретке түсіріп жариялаған соң ғана амалсыз айтуға тура келген.

“Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша, ол «сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер», сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Осы оқиғаның мән-жайы полиция қызметкерлерімен анықталуда”, – дейді Түркістан облыстық ІІД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Тыр жалаңаш суреті оқушылар арасында тарап кеткендіктен жәбірленуші енді сабаққа да бара алмай отыр.

Бөлісу8Твит5
Алдыңғы лауазым

Ақылбек Жеменейдің өзін халыққа бай етіп көрсетіп, өтірік айтып жүргені анықталды

Келесі лауазым

Жабайы адам: 24 жасында әріп танымайтын Жетісай тұрғыны бақытты болу үшін ерекше қадам жасады

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    41 бөлісу
    Бөлісу 16 Твит 10
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.