Денсаулық сақтау басқармасы елордалық ауруханада науқастың соққыға жығылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Instagram желісіндегі zhest_kz тобында жарияланған видеода дәрігер науқасты тепкілеп жатыр. Бейнежазбаның Астанадағы №2 қалалық ауруханада түсірілгені айтылған.
Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәліметті жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілерде жарияланған дәрігердің науқасты тепкілегені туралы видеоға байланысты Астана қаласының №2 қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне сәйкес келмейді», — делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Оның үстіне, видеоролик кейіпкерлері емхананың қызметкерлері емес.
«Анықталғандай, оқиға Астана қаласының медициналық мекемесінде болмаған», — деп мәлімдеді ведомство баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы 29 жастағы Николай Кривенконы елорданың медициналық-әлеуметтік реабилитация орталығында өлгенше сабап тастаған. Осыған байланысты ІІД патруль қызметінің сержанты мен фельдшер ұзақ мерзімге сотталған еді.