Айтыскердің айтуынша, достарының балалары сүйікті тобын жамандаған Зайытовты жақтырмайтын болған.
«Жолдастарымның балалары ұнатпайды. «91» тобын жамандадың дейді. Қонаққа барудан қалдым. Жақындатпайық» дейді екен», — деп әзілдеді Зайытов.
Естеріңізге сала кетейік, айтыскер осыдан бірнеше жыл бұрын 91 тобының жігіттеріне сыни пікір айтып, кәрістерге еліктеген оларға тез арада образдарын өзгертуге кеңес берген.