Четверг, 30 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Димаш Құдайбергеннің экс-продюсері өзін ұрды деп айыптаған журналистке жауап қатты

Алпамыс Шәрімов әлеуметтік желіде өзіне қол көтерді деп айыптаған журналистің сөзіне жауап берді. Айтуынша, оның мүлдем кінәсі жоқ 

08.10.2018
0
Димаш Құдайбергеннің экс-продюсері өзін ұрды деп айыптаған журналистке жауап қатты

Басы дауға қалған экс-продюсер Алпамыс Шәрімов ұзақ уақыт үнсіздіктен кейін өз ойын білдірді.  Ол өзіне қол көтерді деп айыптаған журналистің сөзін жоққа шығарды.Бұл туралы Алпамыс өзінің желідегі парақшасында хабарлаған.

«Оралдық журналисттің маған ренжулі постын оқығанда «Бұл кісі кім туралы айтып отыр екен» деп таңқалдым. Жалғызбасты ананың тәрбиесімен өскен мен әйел адам түгіл өмірімде ешкімді де ұрып көрмеппін! Және де «Бір рет емес бес рет ұрды» дейді. Бұл далбасалыққа кім сене қояр деп осы күндері үндемей қойғанмын. Бірақ, осы оқиға осыншама резонанс туғызып, менікі «молчание знак согласие» болып қалмасын деп жазып отырмын.

Ешкімнің алдында ақталмаймын. Оқиғаны видео дәлелмен жариялауды жөн көрдім. Балдың жұмыс істеу зонасында тұрған барлық жандарға я отыруларын немесе жолда тұрмауларын өтінген болатынбыз. Сол сәтте бір журналисттің маған «не бейте» деген сөзін өзім де түсінбей қалдым. Ұрмақ түгіл, саусағымның ұшын тигізбеген сәтте қатты ашуға беріліп, долданып кеткен оны ешкім кештен қуып шыққан жоқ» , — деді Алпамыс Шәрімов өзінің желідегі парақшасында.

Сондай-ақ  продюсер видеожазба түріндегі дәлелдемелер келтірді.  Ол әрбір қимылының қай уақытта және қалай жасалғанына дейін тізіп жазып шыққан.

«Дәл бүгін әкемнің өмірден өткеніне 25 жыл. Журналисттің постындағы әсіресе «тәрбиесіз» дегені мені жалғыз бағып өсірген анамның жүрегіне қатты батты. Көрші көлемнің анама қайта-қайта хабарласып, мазасыз қойған сұрағы да бұл постты жазуыма мәжбүр етті. Жазасыз жанды қараламас бұрын, жасап жатқан ісімізге оң бағасын беріп алғанымыз абзал.

Менің тарапымнан қандай да бір қателік кетсе, кешірім сұраймын. Әр күнге махаббатпен қараңыздар», — деп жауап қайырды Димаш Құдайбергенннің бұрынғы продюсері.

Естеріңізге сала кетейік, оралдық журналист өзіне Алпамыс Шәрімовтың қол көтеріп, балдан қуып шыққаны жөнінде жазып, ренішін білдірген болатын.

Бөлісу12Твит8
Алдыңғы лауазым

Жуынды ішіп жүр: Түркістан облысында әкесінен қорлық көрген жетімдердің жағдайы жұртты дүр сілкіндірді

Келесі лауазым

Бұрын тұрмыста болған: Әнші Альбина Шардарова тағы да елдің қызу талқысына түсті

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    55 бөлісу
    Бөлісу 22 Твит 14
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.