Жантүршігерлік жол апатында қаза тапқандардың 18-і лимузин ішіндегі тойға келген қонақтар болса, екеуі жүргізушілер болған екен.
Жергілікті құзырлы орган қызметкерлерінің мәлімдеуінше, Шохари қаласында екі көлік соқтыққан. Ал куәгерлер, лимузиннің жолдың жиегіне шығып кетіп, көше қиылысындағы жүргіншілерді қағып кеткенін айтады.
Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.