Бүгінде соңғы жылдардағы ең шулы және ең талқыланған істің біріне нүкте қойылды. Үш айдан астам уақытқа созылған сот тыңдалымын бүкіл ел бақылады.
Сот шешімі бойынша Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов 17 жылға , ал оның жұбайы Лейлә 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ бұл іс бойынша оның күйеу баласы Айяр Ілиясовқа 5 жыл берілді.
Бірақ,12 жыл бойы шетелде қашып жүрген Храпуновтар ақыры сот отырысына келмеген соң, ерлі-зайыптылар сырттай сотталды.
«Виктор Храпунов жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге қылмыстық-атқару жүйесінің ең жоғарғы қауіпсіздік мекемесінде 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол ұлттық банк, қаржы мекемелері, мемлекеттік ұйымдар мен басқа да мекемелерде қызмет атқару құқығынан айрылады» -деді Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Қасым Қалмағамбетов.