Среда, 29 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Масқара: Шахановты «өлді» деген отандық шенеунік ұятқа қалды

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали өзінің желідегі парақшасында Шерхан Мұртаза қайтыс болды деп, белгілі ақын Мұхтар Шахановтың суретін салып, сынның астына қалды

10.10.2018
0
Масқара: Шахановты «өлді» деген отандық шенеунік ұятқа қалды

Әкім орынбасарының аталған жазбасы белгілі блогердің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған. Онда ол:

«Ақмола облысы әкімінің орынбасары салған пост! Facebook. Бір кем дүние» деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Алайда әкім орынбасары Марат Иғали артынша аталған жазбаны өз парақшасынан өшіріп тастаған. Десе де, желі қолданушылары оның бұл постының көшірмесін жасап, пікір ретінде жариялап та үлгерді.

Сондай-ақ, олар «Тірі адамды көмдіңіз», «Шерхан Мұртаза мен Мұхтар Шахановты айыра алмай қалай әкім болып жүрсіз? Масқара! Ұят!» деген пікір қалдырған.

Алайда шенді азамат өзінің қателік жібергенін мойындап, Шахановтың өзіне қоңырау шалып, кешірім сұрапты.

Бұл туралы ол өзінің парақшасына жариялап, көпшіліктің алдында ақталды.

«Кеше Қазақстанның белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, ел ағасы Шерхан Мұртаза бақилыққа аттанды. Қазақ әдебиеті мен журналистикасының нар тұлғасы Шерағамыздың дүниеден өтуі еліміз үшін орны толмас қайғылы оқиға. Марқұмның отбасына, туыс-туғандарына, жақындарына көңіл айтамын!

Алайда, маған ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановқа байланысты бұрыс ақпарат келіп түсті. Асығыста, акпаратты тексермей жіберген қателігім деп мойындаймын! Шынымды айтсам, түнде сол үшін дұрыс ұйықтамадым.

Бүгін таңертең Мұxтар ағамызға xабарласып кешірім сұрадым! Ол кісі мені дұрыс түсінді, сіздер де дұрыс түсінеді деп үміттенемін.

Абайсызда, асығыста кеткен қателігім үшін тағы да кешірім сұраймын!», — дейді Марат иғали өз жазбасында.

Айта кетейік, кеше белгілі жазушы, публицист Шерхан Мұртаза өмірден өткен еді.

Бөлісу13Твит8
Алдыңғы лауазым

Бозымбаев Шерхан Мұртаза жайлы естелігін айтып халықты жылатты

Келесі лауазым

Ауыр қылмыс жасаған петропавлдық тұрғын 17 жылдан кейін Ресейде ұсталды

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    51 бөлісу
    Бөлісу 20 Твит 13
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.