Четверг, 30 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Басында «аға» деп бетімді қайтарған: Бауыржан Сатов сүйіктісі Альбинамен қалай танысқанын айтып берді

Қос ғашықтың таныстығы Қуандық Рахымның Таразда өткен концертінде бастау алған екен. Бір қызығы, біраз уақыт бойы Альбина қасында жүрсе де, Бауыржан оны байқамапты

11.10.2018
0
Басында «аға» деп бетімді қайтарған: Бауыржан Сатов сүйіктісі Альбинамен қалай танысқанын айтып берді

“Барлығында Альбина Қуандықпен бірге болатын шығар деген үміт болды. Қуандық пен Альбинаның концерті болды Тараз қаласында. 8-наурыз күні. Ол кешті біз Тәуекел Мүсілім екеуміз жүргізу керек болғанбыз. Келіп қыздарды құттықтаймыз, ол кезде байқамағанмын ғой, қасымда жүрген қыз. Тәуекел екеуміз шығып, концертті “жарамыз”. Сөйтіп концерттің 1 бөлімі бітеді, отырмыз шаршап. Бір кезде қарасам, сұлу қыз шай құйып отыр. Шайды құйғанын қойыңыз, бергені ерекше. Қолынан алсаң, бір жылу сезіледі. Шайын алдым, көзіне бір қарадым. Сосын Тәуекелге: “Мына қыз өте керемет екен, мен танысып көрейінші”, – дедім. Ол таныс, деді.

Бауыржан танысуға ниет білдірген кезде Альбина оған “аға” деп қалып бетін қайтарған.

“Мені “аға” деп жатыр, не істейін деп едім, Тәуекел қоя ғой деді. Көңіл-күйім жоқ. Концерт біткен соң Тәуекелмен Алматыға шықтық. Ол да көлігінде әдейілеп “Титаниктің” өлеңін қойып қойған. Романтикалық сезімім артып, осы қызбен жақынырақ танысайын дедім. Мен “аға” болғым келмейді дедім. Instagram деген ауру сол кезде басталған. Маған жазылшы деп айтқам ғой, жазылды, мәзбін. 5-10 минуттан кейін кірсем қайта шығып кетіпті. Неге “отписка” жасадың десем, сіз маған “подписка” жасамапсыз деді”, – деп күлді Бауыржан.

Бауыржан Альбинаға құлай ғашық болғанымен, бірінші қадамға қыздың өзі барған.

“Концерт біткен соң, қалай жеттіңіздер деп өзім жаздым. Себебі ол сурет сұрап жазған”, – дейді Альбина.
Бауыржан Альбинаны құлай сүйіп қалғанын сол кезде-ақ түсінген, алайда неге екені белгісіз тағы 2-3 ай үнсіз жүрген.

“Екі айдан кейін алғаш пікір жазғаны әлі есімде. “Красавица и чудовище” деген фильмнің тұсаукесері болып жатқан, мен соны жүргіздім. Сол орайда желіде әдемі пост жазып қойдым. “Түрің жаман болса да, жүрегің әдемі болсын” деген мағынада. Альбина соған қолдау білдіріп, пікір қалдырып қойыпты. Содан кейін болды, үйленемін дедім”, – деп еске алады Бауыржан.

Бұдан кейін актер Альбинаның жүрегін жаулау үшін барын салған. Альбинаны киноға шақырып, бірнеше кездесуден кейін сезімін білдірген. Үйленуге ниетті екенін де жеткізген.

“Жақсы қыз екенсің. 8-наурыз күні саған басым кеткен. Енді үйленемін дедім”, – дейді Бауыржан Сатов.

Бөлісу24Твит15
Алдыңғы лауазым

Тұңғыш қызым ренжулі: Өзінен 16 жас кіші келіншекке үйленген Абай Бегей балаларымен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Келесі лауазым

Тым ұят: Қос жігітпен сүйіскен Жолдыбаева жұртқа жақпай қалды (видео)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    55 бөлісу
    Бөлісу 22 Твит 14
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.