Облыстық ІІД мәлім еткендей, жантүршігерлік қылмыс 10 қазан күні Талғар ауданындағы ауылдардың бірінде орын алған. Дәрігерлер сәбидің көз жұмғанын мәлім еткен.
Алдын ала сараптама нәтижесі оның тұншығып өлгенін көрсетті.
Осыдан кейін аса ауыр қылмысты жасаған нәрестенің анасы деген күдік туындаған. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, 19 жастағы ананы уақытша ұстау изоляторына қамаған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.