Әнші Бүркіт үйлену тойынан сурет жариялап, үш бала туып берген жары Аишаға алғыс айтты.
“Отбасы құрғанымызға 8 жыл өтіпті. Әльxамдулилляһ. Зейін, Омар және Сафия. Раxмет саған жаным”, – деп жазды Бүркіт.
Тыңдармандары Бүркіт пен Аишаға ақ тілектерін арнап, бұл жұпты халықтың ерекше жақсы көретінін атап өткен.
“Бір жастықта қартайыңыздар, сіздерді ең үлгілі жұп деп білеміз, бір-бірлеріңізге сондай жарасасыздар”, – деп ақжарма тілектерін білдірді.