Среда, 29 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қазақстанда бұдан былай тегін баспана кімдерге берілмейтіні нақтыланды

Елімізде мемлекет есебінен тегін баспана алушылар қатарынан зейнеткерлер мен оралмандарды алып тастады.

16.10.2018
0
Қазақстанда бұдан былай тегін  баспана кімдерге берілмейтіні нақтыланды

Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрлігі мәлім етті.

Тұрғын үй қатынастары туралы заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес, пәтер алушылар тізіміндегі 19 санат қысқарады. Тізімнен зейнеткерлер мен оралмандары алып тастау көзделген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

1. Оралмандар

Отанға оралған қандастардың 10 жыл ішінде оралман мәртебесі жойылатындықтан олар тізімнен алынып отыр.

Оларға “Атаулы әлеуметтік көмек туралы”, “Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы”, Қазақстан Республикасының заңдарына, Жер кодексіне сәйкес оралмандарға қосымша жеңілдіктер, көтерме төлемақы, жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлу қарастырылған.

2. Әскер қызметшілер және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері.

3. Экологиялық апат, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан баспанасынан айырылған адамдар, сондай-ақ жалғыз үйі авариялық деп танылған азаматтар. 

4. Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын тұлғалар. Олар мақсатты бағдарламаға қатыса алады. Тұрақты жалақысы болғандықтан тізімнен алынды. 

5. Ғарышкерлерге кандидаттар, ғарышкерлер. Заң бойынша, “Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы” құрметті атағына ие болғандарға 138,63 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады.

6. Толық емес отбасылар

Толық емес отбасылар қатарында ажырасқандар мен жесір алғандар бар. Жастар арасында тұрғын үй алу үшін әдейілеп ажырасу фактілері кездеседі. Осы себепті тізімнен шығарылу көзделген.

7. Зейнетке шыққандар мемлекеттік бағдарламаларға, ипотекаларға, жинақтауларға қатысу арқылы ғана баспана ала алады.

Ал, мемлекет есебінен тегін баспана алушылар тізімінде ҰОС мүгедектері мен қатысушыларын; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендер;

1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

көпбалалы отбасыларды; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылар бар.

Бөлісу12Твит8
Алдыңғы лауазым

Назарбаева мектеп асханаларын жалға беріп, ақы алуды ұсынды

Келесі лауазым

Қызылордадағы жігіті басын кесіп алған қыздың оқиғасы бойынша мән-жай анықталды.

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    51 бөлісу
    Бөлісу 20 Твит 13
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.