Четверг, 30 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Бір жалақыға бір үй сатып алуға болады: Айына миллионға жуық жалақы алатын министрлер кім?

Қарағанды облысының әкімінен соң, министрлер де қанша жалақы алатынын ашық айта бастады

17.10.2018
0
Отандық  шенеуніктер қандай костюм киеді?

Жуырда ғана Қаржы министрі қызметіне тағайындалған Алихан Смайыловтың банк картасына ай сайын бір миллионға жуық жалақы түсетін болады. Бұл тұрақты түрде беріліп отыратын сыйақыларды қоспағандағы сома. Оның жалақысы еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшерінен 34 есе көп.

«Әлі бір ай болмады. Мен 18 қыркүйек күні қызметке тағайындалдым. Бірақ, білуімше, қолыма таза 950-960 мың теңге алатын боламын», — деді Қаржы министрі.

Барлық министрдің жалақысы бірдей дерлік. Айлық табыстың көлемі қандай қызметте отырғанына емес, жұмыс өтіліне байланысты тағайындалады. Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаевтың айтуынша, қазіргі таңда оның жалақысы бұрынғыдан кеміп қалған.

«Шамамен, Қошанов айтқандай, 900 мың теңгенің үстінде. Облыстық әкімнің жалақысымен бірдей. Мен «Самұрық-Қазынада» жұмыс істегенде одан екі есе көп алатынмын», — деп есіне алды Қалетаев.

Орташа есеппен алғанда, бір министрдің төрт орынбасары бар. Олардың айлық жалақысы министрдікінен 200 мыңға кем. Барлық салық түрлерін алып қоспағанда, жұмыс өтілі 20 жылға тең қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов 700 мың теңге жалақы алады.

«Бұл сұраққа жауап беру қиын. Ақша ешқашан көптік етпейді. Сондықтан, көңілімнен шығады не шықпайды деп айту қиын. Егер, барлық отбасы мүшелері жұмыс істегенде, жетер еді», — дейді Шолпанқұлов.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына мемлекеттік қазынадан 1 трлн теңге кетеді. Бұл шығын әлі де өсе бермек, себебі жаңа жылдан бастап шенеуніктердің жалақысы өсетін болады.

Бөлісу6Твит4
Алдыңғы лауазым

Атышулы алматылық Назар Роллан жүргізуші куәлігінен 6 айға айырылды

Келесі лауазым

Ұят: Стилін өзгерткен Баян Алагөзова жұртқа жақпай қалды (фото)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    55 бөлісу
    Бөлісу 22 Твит 14
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.