Четверг, 30 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Назарбаева: Қытай тілін үйреніңдер. Болашағымыз сонда жатыр

Алматы жастарымен кездесу өткізген Дариға Назарбаева оларға үндеу жолдады

17.10.2018
0
Назарбаева заңды халыққа дұрыс түсіндіре алмайтын шенеуніктерді сынға алды

Жастарға үндеу жолдаған Дариға Назарбаева сөзін былай бастады:

«Қытай тілін оқыңдар. Мен мұны қадап айтамын. Ұлтшыл патриоттар мені осы пікірім үшін сөгіп жатады. Бірақ, болашақ сонда деп ойлаймын. Қытай нарығының мүмкіндігі шексіз. Халқының санын айтсаңызшы. Қандай іс бастамаңыз, миллиардер болып шыға келесіз.

Орыс тілін ұмытуға болмайды. Біз ортақ экономикалық, кедендік аймақтамыз. Шекара арқылы да еш кедергісіз өтуге болады. Бұл — үлкен артықшылық, сондықтан оны пайдалана білуіміз керек. Кез келген істі қолға алғанда осы нарықтардағы сұраныс туралы ойлану керек. Одан бөлек, бұл — бейбітшілікті сақтаудың ең жақсы тәсілі.

Экономикалық қатынастарымыз өте тығыз. Сондықтан, жауласқаннан гөрі өзара тиімді түрде сауда-саттық жасаған пайдалырақ. Біздің жастар өте отансүйгіш», — деді Дариға Назарбаева.

Сонымен бірге, ол қытай нарығымен жұмыс істегісі келетін азаматтардың қытай тілін оқығаны абзал екенін де еске салды.

«Өзге елдерді тану дегеніміз отанды сату деген сөз емес. Бұл күлкілі. Бірақ егер қытай нарығында жұмыс істегіңіз келсе, тіл үйреніңдер. Қытай компаниялары миллиардтаған қаражатты инвестициялады, ал қазақстандықтар жұмыспен қамтылып, табысқа кенеледі. Қазақстандық нарық жаңа өнімге ие болады.

Синергетикалық тұрғыдан ықпалы өте зор, сондықтан одан қорқудың қажеті жоқ. Тәуелсіздік жылдары Еуропа, Америка мен Қытайдан 20 млрд доллардан астам қаражат тартылды», — дейді ол.

Сенатордың айтуынша, ТМД елдерінің ешқайсысы мұндай нәтижеге қол жеткізген жоқ. Оның пікірінше, Қазақстан көршілес елдермен салыстырғанда бірнеше онжылдыққа алға дамып кеткен.

«Сенбесеңіздер, барып, көріп қайтыңыздар. Бейбітшілікті қандай тәсілмен болса да, сақтап қалу керек. Ешқандай проблеманы қақтығыс арқылы шешуге болмайды.

Біз тәуелсіздік жылдары елімізде қантөгіс болмағаны үшін президентке алғыс айтуымыз қажет. Біздің жігіттер де соғыс көрген жоқ», -деді Назарбаева.

Сонымен бірге, кездесу барысында Дариға Назарбаева елордада қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылған мейрамхана жоқтың қасы екенін айтып, наразы болған. Ол жас кәсіпкерлердің осы мәселеге назар аударуын сұрады.

Бөлісу10Твит6
Алдыңғы лауазым

Ақтөбеде лифтіде қайтыс болған журналист өлімі үшін 5 млн теңге моральдық шығын сұралды

Келесі лауазым

Оразымбетова: Күйеуім клипке түгілі, менімен суретке де түспейді

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    55 бөлісу
    Бөлісу 22 Твит 14
  • Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.