Воскресенье, 26 июня, 2022
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Баласының дене қызуы үш айы бойы 40°-42°С-тан түспеген ана жанайқайын жеткізді

Ақтөбе тұрғыны Гүлжанат Бектілеуова ұлы Нұржігіттің өмірге келгеннен бастап ауырып жүргенін айтты

20.10.2018
0
Баласының дене қызуы үш айы бойы 40°-42°С-тан түспеген ана жанайқайын жеткізді

«Ұлымның дене қызуы алғаш қырқынан шығарар кезде басталды. Дәрігерге қараттым. Анализ тапсырып, жұқпалы аурудың бар-жоғын тексерді. Бірақ аурудың себебін таппады. Екпе пен мен гормондар салды. Денсаулығын қалыпқа келтіріп, үйге жіберді. Содан бері дене қызу тез арада көтерлііп кететін болды. Туғаннан әлсіз, аурушаң болды. Бір жасқа толғанда дәрігерлер сал ауруы бар деп жазды. Бірақ оның белгілері байқалмайды. Биыл баламның денсаулығы мүлде нашарлап кетті», – дейді анасы.

Айтуынша, жергілікті дәрігерлерден қайран болмайтынын білген ол, ресейлік дәрігерлерге жүгінген.

«90 күні бойы баламның дене қызу 40-42 градустан түспей тұрды. Біз емханада жаттық. Астанаға жібермек болып еді, біз қабыладудан бас тартты. Бізді ауруханадан шығарып, барлық жағдайға дайын болыңдар деді. Мен еріктілермен сөйлесіп, көпшіліктен ақша жинадым. Ақыры ресейлік дәрігерлерге апардым. Ондағы дәрігерлер «Қандай анасыз? Баланы баяғыда емдеу керек еді. Қазір кеш» деп ұрысты. Балама пневмонияның іріңді отиті және пневмонияның диагнозы қойылды. Дене қызуын 38 градусқа түсірді. Ұлым аздап тәуірленіп, тамақ жей бастады. Дәрігерлер ұлыма күтім керек екенін айтты. Мемлекеттік деңгейдегі диагностика керек деді. Бірақ Астана мен Алматы қабылдамай тұрса, қалай қаратам? Бас денсаулық сақтау министріне үндеу жолдадым. Құлақ асады деп үміттенем. Ұлым сауығып кетсе деймін. Басқа ешнәрсе керек емес», – дейді Гүлжанат.

Одан өзге Гүлжанаттың екі баласы бар. Пәтер жалдап тұрады. Ұлының жәрдемақысына күн көреді. Ұлының күтімі үшін жұмысынан үнемі демалыс алып отыр. Әріптестері оған түсіністікпен қарап, пәтерақысын төлеп беруде. Оларға алғысын айтады.

Бүгінде отбасында коммуналдық төлем ақшасы төленбеген, тоңазытқышта жейтін көп тамақ жоқ. Мұның бәрі уақытша ауыртпалық дейді анасы. Бастысы ұлының денсаулығы. Енді бар үміті мәскеулік орталықта. Ол жаққа құжаттарын дайындап өткізген. Қабылдайды деп үміттенеді. Бірақ оған қаражатты қайдан алатынын білмейді.

Егер ана мен балағы көмектескіңіз келсе, 8 775 169 72 27 нөміріне хабарласыңыз.

Бөлісу11Твит7
Алдыңғы лауазым

Сайттар "жарылды": Димаштың Лондондағы концертіне билеттер бірнеше сағатта сатылып кетті

Келесі лауазым

Астана маңында жол кесіп өткен елес қыздың бейнесі жұртты шошытты (видео)

  • Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    Әке туралы, әкеге арналған өлең жолдары, әке жайлы ән шұмақтары

    12 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Сәбидің көзі былшықтанса не істеу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ағаларға арналған құттықтау өлеңдер, ағалар жайлы әндер

    7 бөлісу
    Бөлісу 3 Твит 2
  • Балалардың іш қатуы кезінде не істеу керек және емдеу жолдары

    6 бөлісу
    Бөлісу 2 Твит 1
  • Қынаптық бөлініс (выделения)- қандай болу керек?

    3 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Нәрестенің іші желденіп ауырғанда не істеу қажет?

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Ата мен әжеге арналған әдемі өлеңдер. Ата мен апа туралы өлеңдер

    11 бөлісу
    Бөлісу 4 Твит 3
  • Толғақты жеңілдететін дұғалар

    2 бөлісу
    Бөлісу 1 Твит 1
  • Тоқаев: Барлық қазақстандықтың атынан Жошы ханның аруағына құран бағыштап, құрбан шалдым

    41 бөлісу
    Бөлісу 16 Твит 10
  • Олжас Сүлейменов: Орыс тілі қазақ тілімен тең статуста қалуы керек

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Твит 0
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Инстаграм

This error message is only visible to WordPress admins

Error: No connected account.

Please go to the Instagram Feed settings page to connect an account.

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.